үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Бесжан Төлеубекұлы «Әуежай ісі» бойынша сот кезінде «митингіге шақырғаны үшін» 15 тәулікке...

Бесжан Төлеубекұлы «Әуежай ісі» бойынша сот кезінде «митингіге шақырғаны үшін» 15 тәулікке қамалды

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Бесжан Төлеубекұлы "Әуежай ісі" бойынша сот кезінде "митингіге шақырғаны үшін" 15 тәулікке қамалды


Бесжан Төлеубекұлы "Әуежай ісі" бойынша сот кезінде "митингіге шақырғаны үшін" 15 тәулікке қамалды

Бесжан Төлеубекұлы (сөйлеп тұр) Бөлісу

  Бесжан Төлеубекұлы "Әуежай ісі" бойынша сот кезінде "митингіге шақырғаны үшін" 15 тәулікке қамалды Бөлісіңіз

Қоғам белсендісі Бесжан Төлеубекұлы 11 шілде күні "Әуежайды басып алу ісін" қараған Наурызбай аудандық сотының алдында сағат "санкцияланбаған наразылық акциясына қатысып, Алматы тұрғындарын бейне үндеу арқылы митингіге шақырғаны үшін" әкімшілік қамауға алынды.

Судья Руслан Жамалбек оны Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 488-бабы, 7-бөлімі бойынша кінәлі деп таныды.

Бұған дейін Алматы қаласы Наурызбай аудандық полициясы Бесжан Төлеубекұлын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 7-бөлімі бойынша ("Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзды, заңсыз митинг ұйымдастырды") деп айыптап, хаттама толтырған.

Журналист Күлтегін Аспанұлы жариялаған хаттамада 11 шілде күні Бесжан Төлеубекұлы "Әуежайды басып алу ісін" қараған Наурызбай аудандық соты ғимараты алдында сағат 11:00 шамасында "санкцияланбаған наразылық акциясына қатысып, "Халық террорист емес" деген плакат ұстаған топ алдында микрофонмен сөйлеп, Алматы тұрғындарын бейне үндеу арқылы заңсыз митингке шақырды. …Прокуратура мен әкімдік өкілдерінің ескертуіне құлақ аспай жалғастырды. Жиынға қатысып, белсенді болды" деп жазылған.

Белсендіні кеше Жамбыл облыстық сотындағы Қаңтаршылардың апелляция процесінен Алматыға оралған бойда, 14 шілдеге қараған түні сағат 00:47 шамасында үйіне кіреберісте полицейлер ұстап әкеткен.

Бесжан Төлеубекұлы бұған дейін де қоғамдық белсендігілімен танылып, бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылған. Кейінгі парламент мәжілісі сайлауы кезінде Алматы қаласындағы тәуелсіз бақылаушылар ұйымына жетекшілік еткен.

11 шілде күні Алматы қаласының Наурызба аудандық сотында Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу ісі" бойынша сот үкімі шыққан. Сот осы іс бойынша айыпталған журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменовтің әрқайсын 8 жылға бостандығынан айырған.

Сот үкімі шығар күні Наурызбай аудандық соты алдына сотталушылардың жақтастары, туыстары мен қоғам белсенділері бар, барлығы жүзден астам адам жиналған байқалды. Олар "Әуежайды басып алу ісі" бойынша тағылған айыптардың негізсіз екенін айтып, айыпталушыларға бостандық сұрап ұрандатқан.

"Әуежайды басып алу ісі" бойынша сот үкімі әлеуметтік желіде түрлі рекация тудырған. Бір топ жазушы бұл іс бойынша айыпталғандардың кінәсі жоқ деп есептейтінін айтып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдаған.

Источник: www.azattyq.org