үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Бір күнде Ресей думасының екі депутаты өлген

Бір күнде Ресей думасының екі депутаты өлген

48
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Бір күнде Ресей думасының екі депутаты өлген


Бір күнде Ресей думасының екі депутаты өлген

Бөлісу

  Бір күнде Ресей думасының екі депутаты өлген Бөлісіңіз

Жексенбі, 23 сәуірде Ресей мемлекеттік думасының екі депутаты қайтыс болған. Екеуі де – билікшіл "Единая Россия" партиясының мүшесі.

Жексенбі күні таңертең 77 жастағы депутат Николай Борцов қайтыс болғанын Липецк облысының басшысы Игорь Артамонов хабарлаған. Неден өлгені айтылмаған.

Борцов думаның бес шақырылымында депутат болған. "Медуза" Борцовты табысы өте көп 100 мемлекеттік қызметкер санатында Forbes тізіміне кіріп, Ресейдегі ең бай адамдарының қатарында тұрғанын жазған. Дума депутаттарының көпшілігі секілді Борцов та Ресейдің Украинаға басып кіргеніне байланысты АҚШ пен Батыстың санкциясына ілінген.

Жексенбі күні түстен кейін думаның тағы бір депутаты Жашарбек Өзденов өмірден өткені мәлім болған. 56 жастағы Өзденов 2021 жылы Қарашай-Шеркес Республикасынан депутат болған. "Единая Россияның" думадағы фракциясының басшысы Владимир Васильев депутат ауыр дерттен қайтыс болды деп хабарлаған.

Ресей мемлекеттік думасының қазіргі сегізінші шақырылымы 2021 жылы жетоқсанда жұмысына кіріскен. Бұған дейін де екі депутаты қайтыс болған. Оның бірі – көп жыл бойы Ресейді агрессияшыл саясат жүргізуге шақырып келген Владимир Жириновский.

Источник: www.azattyq.org