үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берді

Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берді

23
0


Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берді

ЖАҢАЛЫҚТАР Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берді Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев. Бөлісу

  Бішкек соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берді Бөлісіңіз

Бішкек қаласының Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың шетелде емделуіне рұқсат берген. Бұл туралы Азатықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

Атамбаевты түзеу лагерінен босатқанын Қырғызстанның социал-демократтар партиясының төрағасы Темірлан Сұлтанбеков растады. Оның сөзінше, "бұрынғы президентке өмірлік маңызы бар екі операция жасалуы керек, одан кейін емдеу-сауықтыру курсынан өтуге тиіс".

13 ақпанда Қырғызстан Жоғарғы сотының сот алқасы жабық отырыс өткізіп, Алмазбек Атамбаев ісін қайта қарауға жіберу жөнінде шешім қабылдаған.

Сот алқасының қаулысында бұрынғы президент адвокаттарының "жаңадан мәлім болған жағдайларға байланысты қылмыстық істі қайта қарау туралы" ұсынысы қанағаттандырылғаны айтылған.

Сот алқасы Атамбаев жөнінде Жоғарғы соттың 2021 жылғы 12 қазанда және 2022 жылғы 15 наурызда қабылданған қаулыларының күшін жойған.

Источник: www.azattyq.org