үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Bloomberg: ЕО Ресеймен байланыс жасайтын елдерден экспортқа бақылауды күшейтуді сұрайды

Bloomberg: ЕО Ресеймен байланыс жасайтын елдерден экспортқа бақылауды күшейтуді сұрайды

14
0


Bloomberg: ЕО Ресеймен байланыс жасайтын елдерден экспортқа бақылауды күшейтуді сұрайды

ЖАҢАЛЫҚТАР Bloomberg: ЕО Ресеймен байланыс жасайтын елдерден экспортқа бақылауды күшейтуді сұрайды Бөлісу

  Bloomberg: ЕО Ресеймен байланыс жасайтын елдерден экспортқа бақылауды күшейтуді сұрайды Бөлісіңіз

Еуроодақ үшінші елдерден Ресей соғыста қолдануы мүмкін жоғары технология өнімдері мен тауар экспортына бақылауды күшейтуді сұрайды. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген Bloomberg жазды.

Агенттік дереккөзінің мәліметінше, мұндай өтініш бірінші кезекте ЕО-дан аталған тауар түрлерін импорттайтын және соғыстан кейін сол бойынша импорт көлемі күрт артқан елдерге айтылады. Брюссель тауарлар мен технология өнімдері Ресей нарығына түсіп-түспей жатқанын анықтау мақсатында сауда ағыны туралы ақпаратты көптеп жинауды сұрамақ.

Батыс елдері Ресейге санкция салғаннан кейін үшінші елдерден Ресейге тасымалданып келген жартылай өткізгіштер, электрониканың кіріктірілген жүйелері мен өзге де технология түрлерінің импорты едәуір азайған. Есесіне Түркия, БАӘ, Қазақстан және Орталық Азияның өзге елдері мұндай өнім түрлерін Батыс елдерінен көп импорттай бастаған. Өз кезегінде үшінші елдерден Ресейге экспорт та күрт артқан.

ЕО мен одақтастары қазіргі кезде санкцияны айналып өтуге жол бермеу мәселесіне назар аударып жатыр. АҚШ Түркия мен БАӘ-ні Ресеймен сауда қатынасын шектеуге үндеген. Агенттік дерекөздерінің бірі Түркия санкцияға ілінген тауар түрлерін Ресейге тасымалдауды тоқтатқан, алайда түрік нарығына сатылған өнім реэкспортталуы мүмкін деді.

  • 25 ақпанда Еуроодақ Ресейге Украинаға басып кіргені үшін оныншы санкция пакетін мақұлдаған. Ол өнеркәсіп тауарлары экспортын 11 млрд еуроға дейін қысқартуды қарастырады. ЕО ендігәрі Ресейге соғыста қолданылуы мүмкін ешқандай технология жеткізілмейді деп мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org