үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Британия Киевке алысқа ұшатын дрон беріп, F-16 ұшқыштарын оқытады

Британия Киевке алысқа ұшатын дрон беріп, F-16 ұшқыштарын оқытады

17
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Британия Киевке алысқа ұшатын дрон беріп, F-16 ұшқыштарын оқытады


Британия Киевке алысқа ұшатын дрон беріп, F-16 ұшқыштарын оқытады

Украина президенті Владимир Зеленский (сол жақта) мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың кездесуі. Ұлыбритания, 8 ақпан, 2023 жыл. Архив суреті Бөлісу

  Британия Киевке алысқа ұшатын дрон беріп, F-16 ұшқыштарын оқытады Бөлісіңіз

Ұлыбритания 200 шақырымға дейін ұшып соққы жасайтын жүздеген дронын Украинаға беріп, украин ұшқыштарына F-16 жойғыш ұшақтарын басқаруды үйретеді. Бұл жөнінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің сапары барысында жарияланған британ үкіметінің мәлімдемесінде айтылған.

Бұл мәлімдемеде Зеленский сапары Жапонияда өтетін "Үлкен жетілік" саммиті қарсаңында болғанын, "Үлкен жетілік" Украинаны қолдауға бағытталған жаңа шешімдер қабылдайтыны сөз болған.

Өткен аптада Ұлыбритания ұшу радиусы 100 шақырымнан асатын Storm Shadow зымыранын Украинаға беретінін хабарлаған. Бұл – Батыс елдері Украинаға берген алғашқы алысқа ұшатын зымыран. Сепаратистік "ЛХР" өкілдері қазірдің өзінде бұл зымырандармен майдан алаңынан алыста жатқан Луганскіге соққы жасалғанын мәлімдеген.

Хабарда "Бүгін премьер-министр Ұлыбританияның жүздеген зымыран мен дрон беретінін растайды. Оның ішінде 200 шақырымға дейін ұшып, соққы жасайтын дрондар да бар" деп айтылған.

Бұл хабарда премьер-министр Сунактың "Лондон Украинаға F-16 жойғыш ұшағын беруді қолдайды" деген сөзі де бар. Украина ұшқыштарын әзірлеуге арналған бағдарлама – осы бағыттағы жұмыстардың бірі.

Украинаға алысқа ұшатын дрондар берілгенін Кремль қатаң сынап, жауап шара қолдану құқығы бар екенін еске салған.

Зеленский Ұлыбританияға барардан бұрын Францияда Эммануэль Макронмен кездесті. Оған дейін Италия мен Германияға барды. Бұл елдердің бәрі де Украина әскеріне көмектесуге уәде берген.

Источник: www.azattyq.org