үй Қазақстан жаңалықтары Экономика CNN: Ресей мен Қытайдың қорғаныс саласындағы кәсіпорындары әріптестікті тоқтатпаған

CNN: Ресей мен Қытайдың қорғаныс саласындағы кәсіпорындары әріптестікті тоқтатпаған

0

ЖАҢАЛЫҚТАР CNN: Ресей мен Қытайдың қорғаныс саласындағы кәсіпорындары әріптестікті тоқтатпаған Бөлісу

  CNN: Ресей мен Қытайдың қорғаныс саласындағы кәсіпорындары әріптестікті тоқтатпаған Бөлісіңіз

Украинада соғыс басталғалы бері қорғаныс саласындағы қытай кәсіпорындары Ресейдің санкция салынған компанияларымен сауда қатынасын тоқтатпаған. Бұл жөнінде кеден жазбаларымен танысқан CNN арнасы хабарлады.

Құжаттарға сүйенген арнаның мәліметінше, 2022 жылғы қарашаның ортасына дейін Пекинде орналасқан қорғаныс саласындағы мердігер Poly Technologies компаниясы АҚШ санкциясына ілінген ресейлік компанияларға кемінде 10-нан астам жабдық жіберген. Арасында тікұшақ бөлшектері мен радиоқұрылғылар бар.

Әскери тікұшақ шығаратын Улан-Удэдегі авиация зауыты да былтыр Poly Technologies компаниясына бөлшектер мен бірнеше тікұшақ жіберген.

Ресейге жеткізілген тікұшақ бөлшектерінің көбін тасымалдау және іздеу-құтқару операцияларына арналған Ми-171 тікұшақтарына пайдалануға болады. Кемінде үш рет тасымалданған жүкте әскери Ми-171Ш тікұшағына арналған өнімдер де болған.

CNN-нің жазуынша, дегенмен Қытай тасымалдаған тауарларды Ресей армиясы Украинадағы соғыста пайдаланып жатқанын дәлелдейтін айғақ жоқ.

Әскери сарапшылар мен қауіпсіздік мамандарының сөзінше, қытай кәсіпорындары жеткізген бөлшектер ресейлік ұшақтардың негізгі жабдықтары санатына кіреді. Олардың ойынша, бұл жабдықтар бұған дейін жасалған келісімдер мен компаниялар арасындағы дәстүрлі іскерлік қатынастың бір бөлігі болуы да ықтимал.

Батыс елдері Қытайды Ресейге қару-жарақ бермеуге үгіттеп келеді. Бұған дейін бірқатар халықаралық басылым барлау қызметіндегі дереккөзге сүйене отырып, Пекин Мәскеуге қару беру мәселесін қарастырып жатыр деп жазған. Қытай бейтараптық ұстанатынын және қақтығыс болып жатқан аймаққа қару сатпайтынын бірнеше рет мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version