үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Әділ сөз» бас прокуратура Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтіру фактісін тексереді деп...

«Әділ сөз» бас прокуратура Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтіру фактісін тексереді деп үміттенеді

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР "Әділ сөз" бас прокуратура Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтіру фактісін тексереді деп үміттенеді


"Әділ сөз" бас прокуратура Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтіру фактісін тексереді деп үміттенеді

Бірнеше ер адам Азаттық тілшісі Мейірім Бақытжанға кедергі келтіріп жатқан сәт. Алматы, 13 шілде 2023 жыл. Бөлісу

  "Әділ сөз" бас прокуратура Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтіру фактісін тексереді деп үміттенеді Бөлісіңіз

"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы Алматы қаласы әкіміне сұрақ қоймақ болған Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтіру фактісін заңға қайшы екенін атап өтті.

13 шілдеде Алматыдағы шіркеу алдында орыс князі Александр Невский ескерткішін ашу салтанатынан соң бірнеше ер адам Азаттық тілшісі Мейірім Бақытжанға кедергі келтіріп, қала әкімі Ерболат Досаевқа сұрақ қойдырмаған. Азаттық тілшісі ер адамдарға журналист екенін айтса да, олар мән бермей Мейірім Бақытжанды сүйреп әріқарай алып кетті. Ер адамдар тілшіні әкім көлікке отырып кетіп қалған соң босатты.

"Әділ сөз" халықаралық ұйымы "бұл – журналистің жұмысына әдейі кедергі келтіру фактісі" дейді.

Embed Бөлісіңіз

Алматыда "Тоқаевтың қолдауымен" орыс князіне ескерткіш қойылды. Бұған Кремль ықпал етті ме?

Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. width px height px

The URL has been copied to your clipboard

No media source currently available

0:00 0:09:29 0:00 Жүктеп алу

  • 240p | 26,7MB
  • 360p | 44,7MB
  • 480p | 85,5MB
  • 720p | 137,0MB
  • 1080p | 231,3MB

Ұйым бас прокуратура "Журналистің заңды кәсіби жұмысына кедергі келтіру" бабы бойынша тез арада қылмыстық іс қозғап, тиісті органға сотқа дейінгі тергеу бастауды тапсырады деп үміттенеді.

"БАҚ туралы" заңның 20-бабына сай, журналист ақпарат іздеуге әрі алуға, қоғамдық жиындарда журналист куәлігін көрсетіп, аудиовизуал техникалармен жазба жүргізуге құқылы. Журналистің заңды жұмысын атқаруға ешкім кедергі келтіруге, соның ішінде күш қолдануға құқығы жоқ. Мұндай әрекетке Қылмыстық кодекстің 158-бабы 2-тармағында екі жыл бас бостандығынан айыру, белгілі бір қызметті атқарудан 3 жылға шектеу жазасы қарастырылған" дейді "Әділ сөз" мәлімдемесінде.

Бүгін, 14 шілдеде ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрбек Әмиша Facebook’тегі парақшасында Азаттық тілшісінің жұмысына кедергі келтірген видеоны "көргендерін", министрлік "журналистің қызметіне кедергі келтіру әрекетін құптамайтынын" жазды.

"Елімізде сөз еркіндігіне шектеу қойылмайды және министрлік мұндай оқиғаларды назарда ұстайды" дейді министрдің баспасөз хатшысы.

Азаттық бұл оқиғаға қатысты Алматы қаласы әкімдігіне, Алматы қаласы полиция департаментіне, ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ресми хат жолдады. Әзірге жауап келген жоқ.

Қазақстанда журналистердің жұмыстарына жиі кедергі келтіріп, қоқаң-лоқы көрсетіледі.

2019 жылы 22 маусымда Алматыдағы Адам құқықтары бюросында Азаттық тілшілері мен ҚазТАГ журналистеріне бір топ әйел шабуыл жасаған. Олар тілшілерге жұдырық жұмсап, журналистердің техникасын сындырған. Әйелдер бюро қызметкерлеріне де тиіскен. Осы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалғанымен, ешкімге айып тағылмады, журналистерге шабуыл жасағандар анықталмады.

2019 жылы 6 шілдеде Астанада билікке қарсы наразылықтантікелей эфир жүргізген Азаттық тілшілеріне бетіне маска таққан белгісіз адамдар кедергі жасап, әдейі газ бүріккен. Осы әрекеттердің бәрін көрген полицейлер ешқандай шара қолданбады.

2020 жылы 6 маусымда Шымкентте бейбіт наразылықты түсірмек болған тілшінің камерасын белгісіз біреулер жауып, кедергі келтірген.

Источник: www.azattyq.org