үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Джорджия соты Трампқа тағылған айыптарды «байқамай» жариялап қойған

Джорджия соты Трампқа тағылған айыптарды «байқамай» жариялап қойған

24
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Джорджия соты Трампқа тағылған айыптарды "байқамай" жариялап қойған


Джорджия соты Трампқа тағылған айыптарды "байқамай" жариялап қойған

Бөлісу

  Джорджия соты Трампқа тағылған айыптарды "байқамай" жариялап қойған Бөлісіңіз

Дүйсенбіде Джорджия штатының округтік соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қарсы қылмыстық айыптау тізімін жариялаған. Мұны Reuters агенттігі хабарлады. Бұл ақпаратқа қарағанда, құжат Трамптың 2020 жылғы президент сайлауы кезінде жеңілісі қорытындысының күшін жоюға жасаған талпынысына байланысты болуы мүмкін. Тізім сайтта шамамен жарты сағаттай тұрып, алынып қалған.

Фултон округтік прокурорының кеңсесі Трампқа айып тағылмағанын арнайы мәлімдеді. Сот тізімді "жалған тізім" деп атап, дүйсенбіде сайтқа ешқандай құжат жарияланбағанын айтқан.

Бұған дейін Азаттықтың АҚШ-тағы тілшісі "2020 жылғы сайлау нәтижесін бұрмаламақ болды" деп Трампқа тағылып жатқан айыптар елеусіздеу, бірақ драмаға айналған сот тарихымен сәйкес келгенін жазған еді.

Әуелі Вашингтон федералдық судьясы Хантер Байденнің сотқа дейінгі процестік келісімін мақұлдауды кейінге қалдырған. Бұл келісімде Хантер Байден салық төлемегенін және тапаншаны заңсыз сатып алғанын мойындап, ол үшін ең төменгі жаза алуға келіскен. Бірақ прокуратура бұл келісім президент ұлының кәсіпкерлік әрекеттерін тергеуді тоқтатпайды деп санаған, ал Хантер Байденнің адвокаттары оған керісінше айтқан.

Бұл жайт принципті мәселе болып тұрғанға ұқсайды, өйткені Хантер Байденге салық төлемеді деген айыптан өзге, заңсыз лобби жасады деген де айып тағылуы мүмкін. Олай болса, Джо Байденнің АҚШ вице-президенті кезіндегі жұмысын да жанай өтетін болады.

Өткен жұмада Хантер Байден ісін зерттеуші прокурор "арнайы прокурор" мәртебесін алған, яғни өкілеті кеңейген. Ол сол күні-ақ президент ұлына қылмыстық айып тағылуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Вашингтон соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа 2020 жылғы президент сайлауы нәтижесінің күшін жойғысы келді деп ресми түрде айып таққан. Трамп өзін кінәлі деп санамайтынын мәлімдеген.

Прокурорлар сот процесі басталғанға дейін Трампты қамауға алмайтынын айтып, Трамптан қылмыстық іс бойынша фактілерді жарияламауды, Колумбия округіндегі федералдық сотқа келуге дайын болуды талап еткен.

Судья бұл талап орындалмаса бұрынғы президент қамалатынын ескерткен.

Соттың келесі отырысы 28 тамызда өтеді. Сол күні сот процесінің қашан басталатыны айтылады.

Қазір Дональд Трамп келесі сайлауға Республика партиясының атынан түсетін кандидаттар ішінде алда тұр.

Трамп әкімшілігінде вице-президент болған Майк Пенс те президент лауазымына кандидатурасын ұсынған.

Трампқа қарсы 45 беттен тұратын айыптау негізінен Капитолийге шабуыл күндердегі Майк Пенстің жазбалары бойынша құрастырылған.

Источник: www.azattyq.org