үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Дмитрий Кулеба: Батыс украин ұшқыштарының тәжірибесін арттыруды бастай беруі керек

Дмитрий Кулеба: Батыс украин ұшқыштарының тәжірибесін арттыруды бастай беруі керек

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Дмитрий Кулеба: Батыс украин ұшқыштарының тәжірибесін арттыруды бастай беруі керек Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Бөлісу

  Дмитрий Кулеба: Батыс украин ұшқыштарының тәжірибесін арттыруды бастай беруі керек Бөлісіңіз

Киев таяу уақытта Батыстан жойғыш ұшақ келеді деп күтіп отырған жоқ. Мұны Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба немістің Bild басылымына берген сұхбатында айтты. Бірақ ол Батыс елдері украин ұшқыштарын қазірден-ақ үйрете беруге кірісуі қажет деп есептейді.

"Таяу арада Батыстың әскери ұшақтары келе қояды деп ойламаймын. Өйткені бұл – логистикалық әрі техникалық тұрғыда өте күрделі міндет. Сондықтан біз Батыс елдері украин ұшқыштарын қазірден үйрете бастағаны жөн деп есептейміз. Өйткені жойғыш ұшақ беру туралы шешім қабылданғанда, ұшқыш әзірлеу үшін уақыт кетірмеу керек" деді Кулеба.

Өткен аптада Укриананың кемі екі ұшқышы АҚШ-та жаттығып жүргені туралы ақпарат тараған. Жаттығу мақсаты – ұшқыштардың тәжірибесі мен дағдыларын бағалау, Батыстың қазіргі заманғы ұшақтарын меңгеруге арналған бағдарламаға қанша уақыт кететін анықтау. Бұл жөнінде NBC News пен CNN өзінің ақпарат көздеріне сүйеніп хабарлаған.

Украина Ресей агрессиясына тойтарыс беру үшін Батыс елдерінен әскери ұшақ сұрап отыр. Сөз, негізінен, F-16 жойғыш ұшақтары туралы. Бұл мәселені НАТО мүшелері қаңтар айының аяғынан бері талқылап келеді. Әзірге Киевке авиатехника беруді Франция мен Нидерланды ғана мақұлдап отыр.

Германия канцлері Олаф Шольц жанжалды одан әрі ушықтырмас үшін Украинаға әскери ұшақ беруден тартынатынын мәлімдеген. АҚШ президенті Джо Байден де осындай ұстанымын білдірген. Дегенмен The New York Times ақпаратына қарағанда, Байден әкімшілігі F-16 ұшағын Киевке үшінші ел арқылы беруге кет әрі емес.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version