үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Екі дрон Мәскеуге жетіп, бірі Ресей қорғаныс министрлігіне жақын тұсқа құлаған

Екі дрон Мәскеуге жетіп, бірі Ресей қорғаныс министрлігіне жақын тұсқа құлаған

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Екі дрон Мәскеуге жетіп, бірі Ресей қорғаныс министрлігіне жақын тұсқа құлаған


Екі дрон Мәскеуге жетіп, бірі Ресей қорғаныс министрлігіне жақын тұсқа құлаған

Бөлісу

  Екі дрон Мәскеуге жетіп, бірі Ресей қорғаныс министрлігіне жақын тұсқа құлаған Бөлісіңіз

24 шілдеде таңертең екі дрон Мәскеуге шабуылдаған. Мұны Мәскеу мэрі Сергей Собянин растады. Мәскеу билігінің ақпаратына қарағанда, елеулі зақым жоқ.

Дронның бірі қала орталығы маңындағы Комсомол даңғылына жақын түсіп, көп қабатты үйге зақым келтірген деп хабарлайды ТАСС. Бұл төңіректе Ресей қорғаныс министрлігі бар.

Bellingcat жобасының зерттеуші журналисі Христо Грозев дрон түскен Комсомол даңғылының қарсы бетінде "Ресей қарулы күштерінің бас штабы — Ресей әскери барлауы" орналасқан. Ол жерде әскери университет пен бірнеше құпия нысандар да бар" деп хабарлаған.

ТАСС мәліметіне қарағанда, Лихачев даңғылында да қозғалыс тоқтаған. Даңғыл бойындағы бизнес-орталықа дрон түскен.

Ресей қорғаныс министрлігі Мәскеуге дронмен шабуыл жасады деп Украинаны айыптады. Ведомство мәліметіне қарағанда, Украинаның екі дронын радио электронды күрес құралдарымен өшірген. Украина бұл шабуыл жөнінде ақпарат таратпады.

"РБК-Украина" басылымы арнаулы қызметтегі дерекөздеріне сүйене отырып, сөз Украина барлау басқармасының операциясы туралы екенін жазып, "Кішкентай құстың бәрі Мәскеуге жетті" деген дәйексөз жариялаған. Бірақ қандай нысана көзделгенін айтпаған.

Бұдан бұрын дрондар мамыр айында Мәскеуге шабуыл жасаған. Екі кішкентай дрон Кремльге дейін жетіп, Сенат сарайының күмбезіне тиген.

4 шілдеде Мәскеу билігі Жаңа Мәскеу үстінен бірнеше дронды атып түсіргенін мәлімдеген. Ол кезде Украина ресми түсініктеме таратпаған.

Источник: www.azattyq.org