үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Экзит-полл нәтижесі: Мәжіліске кемі бес партия өтіп тұр

Экзит-полл нәтижесі: Мәжіліске кемі бес партия өтіп тұр

14
0


Экзит-полл нәтижесі: Мәжіліске кемі бес партия өтіп тұр

ЖАҢАЛЫҚТАР Экзит-полл нәтижесі: Мәжіліске кемі бес партия өтіп тұр Сайлауда дауыс беріп жатқан тұрғын. Алматы, 19наурыз 2023 жыл. Бөлісу

  Экзит-полл нәтижесі: Мәжіліске кемі бес партия өтіп тұр Бөлісіңіз

19 наурызда өткен сайлаудың экзит-полл нәтижесі жарияланды.

"Еуразиялық интеграция институтының" экзит-полл нәтижесі бойынша, сайлауға түскен жеті партияның алтауы мәжіліске өтуге қажет 5 пайыз межеден асып тұр:

  • "Аманат" – 53,46%;
  • "Ауыл" – 10,52%;
  • "Республика" – 8,9%;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,25%;
  • Байтақ – 3,22%;
  • Ақ жол – 7,87%;
  • ЖСДП – 5,31%.
  • Барлығына қарсы – 4,47%.

"Демократия институтының" экзит-полл нәтижесі бойынша да алты партия мәжіліске өткен:

  • "Аманат" – 53,33%;
  • "Ауыл" – 11,26%;
  • "Республика" – 8,33%;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,93%;
  • Байтақ – 2,51%;
  • Ақ жол – 8,87%;
  • ЖСДП – 5,12%;
  • Барлығына қарсы – 3,65%

Ал "Социс-А" институтының экзит-полл нәтижесі бойынша, "Байтақ" пен ЖСДП партиялары мәжіліске өтпей тұр:

  • "Аманат" – 54,42%;
  • "Ауыл" – 10,21%;
  • "Республика" – 8,79%;
  • Қазақстан халық партиясы – 6,89%;
  • Байтақ – 2,17%;
  • Ақ жол – 8,21%;
  • ЖСДП – 4,91%;
  • Барлығына қарсы – 4,4%.

Экзит-полл нәтижесі мемлекеттік телеарна эфирінде салтанатты түрде хабарланды, қорытынды айтылғанда жұрт жамырай қол соқты.

Үш ұйымның да сайлау учаскелерінің алдында жүргізген сауалнама нәтижелері бір-біріне өте ұқсас. Үшеуінде де "Аманат" сайлаушылардың жартысынан астамының "қолдауын алған". Екінші орында бұрын парламентке енбей келген "Ауыл" партиясы тұр. Сайлаудың қарсаңында ғана құрылған "Республика" партиясы өзін "парламенттегі оппозиция" деп атайтын "Ақ жолмен" кейде тең түскен, кейде тіпті одан да асып кеткен.

Қазақстан халық партиясы да парламентке өтуі мүмкін. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның нәтижесі 5 пайыздық меженің ар жақ-бер жағында. Екі экзит-полл ЖСДП мәжіліске өтті десе, біреуінде межеге сәл жетпей қалған.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала ресми қорытындысы 20 наурызда жарияланатынын мәлімдеген.

ОСК мәліметінше, елде 19 наурызда өткен кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауына сайлаушылардың 54,19 пайызы дауыс берген. Сайлау кезінде бақылаушылар топтап бюллетень тастау, "карусель" әдісімен дауыс беру, бақылаушылар жұмысына кедергі келтіру сияқты заң бұзу фактілері болғанын айтқан.

Мәжілісте отыратын 98 депутаттың 29 депутаты ғана бірмандатты округтардан сайланады, қалғаны партиялық тізіммен өтеді. Белсенділер билік бірмандатты округтен сайланатын депутаттардың санын арттыруы тиіс деп санайды.

Источник: www.azattyq.org