үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Есеп: Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға шетелден ондаған зәулім...

Есеп: Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға шетелден ондаған зәулім сарай сатып алған

12
0


Есеп: Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға шетелден ондаған зәулім сарай сатып алған

ЖАҢАЛЫҚТАР Есеп: Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға шетелден ондаған зәулім сарай сатып алған Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова. Бөлісу

  Есеп: Гүлнара Каримова жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға шетелден ондаған зәулім сарай сатып алған Бөлісіңіз

Freedom For Eurasia есебіне қарағанда, Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримова Лондоннан Гонконгқа дейінгі түрлі қалалардан жалған компаниялар арқылы 240 миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алған.

BBC News тілшісі Энди Верити бұл ұйымның есебін негізге ала отырып, "Гүлнара Каримова пара мен жемқорлықтан түскен ақшаға бірнеше зәулім сарай мен ұшақ сатып алған, оған британ компаниялары көмектескен" деп жазды.

Лондонда және Британ Виргин аралдарында орналасқан бухгалтерлік фирмалар Гүлнара Каримоваға мүлік сатып алуға жәрдемдескен.

"Бұл есеп Ұлыбритания заңсыз меншікпен күреске күш салып жатыр дегенге күмән келтіреді" дейді Энди Верити.

Есепте Гүлнара Каримова Британиядан жылжымайтын мүлікті оп-оңай сатып ала салғаны "алаңдататын жағдай" деп көрсетілген.

"Бұл компанияларда жұмыс істегендер оның Гүлнара Каримовамен байланысы барын білді ме деген сұраққа есепте нақты жауап жоқ. Британияда мұндай қызмет көрсеткендер тексерілмеген, ешкімге айыппұл салынбаған" дейді "Би-би-си" мақаласында.

Freedom For Eurasia зерттеушілері жылжымайтын мүлік реестріндегі құжаттармен таныса келе, Гүлнара Каримова қамауға алынғанға дейін қайдан шыққаны күмәнді ақшаға Ұлыбританиядан, Швейцариядан, Франциядан, Дубайдан, Гонконгтан кем дегенде 14 жылжымайтын мүлік нысанын сатып алғанын анықтаған.

2013 жылы Өзбекстанда Гүлнара Каримованың үстінен "ақша жымқырды, салықтан жалтарды" деген айыппен екі қылмыстық іс қозғалған. 2015 жылы алғашқы айып бойынша бостандығы бес жылға шектелген, екінші іс бойынша 2017 жылы 10 жылға түрмеге қамалған. Кейін жаза жұмсарып, бостандығы бес жылға шектелген.

2020 жылы наурызда Ташкенттің қылмыстық істер жөніндегі қалалық соты тағы бір қылмыстық іс бойынша оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған. Оған "қастандық жасамақ болды, бопсалады, ақша жымқырды, ақша жылыстатты" деген сияқты көптеген айып тағылған. Каримова 2019 жылғы көктемнен бері Ташкент облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр.

Гүлнара Каримованың Швейцариядағы адвокаты Грегуар Манжа бұрынғы президентің қызына түрмеде "қысым жасалып жүргенін" айтқан. Өзбекстан белсенділері Гүлнара Каримованың шетелдегі активтерін қайтару ісі ашық жүріп жатқан жоқ деп мәлімдеп, Өзбекстанның қазіргі билігінен бұл процеске азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз халықаралық ұйымдарды қосуды сұраған.

Источник: www.azattyq.org