үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Финляндияда оппозициялық партия сайлауда жеңіске жеткенін хабарлады

Финляндияда оппозициялық партия сайлауда жеңіске жеткенін хабарлады

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Финляндияда оппозициялық партия сайлауда жеңіске жеткенін хабарлады

Санна Марин мен Петтери Орпо. Бөлісу

  Финляндияда оппозициялық партия сайлауда жеңіске жеткенін хабарлады Бөлісіңіз

Жексенбі, 2 сәуірде өткен парламент сайлауында Петтери Орпо бастаған оппозициядағы Ұлттық коалициялық партия аздаған басымдықпен жеңген болуы мүмкін.

Мұндай болжамды жергілікті Yle ақпарат құралы таратқан. Оның мәліметіне қарағанда, Ұлттық коалициялық партия ұлтшылдардың "Нағыз финдер" партиясынан екі мандат артық алып, парламенттегі 48 орынды иеленуі мүмкін. Финляндияның қазіргі премьер-министрі Санна Мариннің Социал-демократиялық партиясы үшінші орынға шығып, 43 мандат алуы ықтимал. "Парламентте барлығы 200 депутат бар" дейді Reuters.

Associated Press хабарына қарағанда, сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 97 пайызынан астамын санаған соң, оппозициядағы партия 20,7 пайыз дауыспен жеңгенін жариялаған. "Нағыз финдер" 20,1 пайыз, социал-демократтар 19,9 пайыз дауысқа ие болған.

37 жастағы премьер Мариннің партиясына "мемлекет шығынын көбейтті деген сын жиіледі" деп жазады "Америка дауысы".

Оппозициялық партия жеңсе, төрағасы Орпо коалиция құруға алғаш рет мүмкіндік алады. Бұл партия кейінгі екі жылдағы сауалнамаларда алға шығып жүргенімен, кейінгі айларда біршама бәсеңдеген. Ұлттық коалициялық партия билікке келсе, мемлекет қарызы мен шығынын азайтатынын мәлімдеген.

Төрт жыл бұрын билікке келген Санна Марин әлемдегі ең жас премьер-министр болып еді. Ол үкімет басқарған кезде Финляндия НАТО-ға қосылу процесін бастады.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version