үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Француз газеті бүліктен кейін Пригожин Путинмен кездескенін жазды. Песков бұл ақпаратты растады

Француз газеті бүліктен кейін Пригожин Путинмен кездескенін жазды. Песков бұл ақпаратты растады

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Француз газеті бүліктен кейін Пригожин Путинмен кездескенін жазды. Песков бұл ақпаратты растады


Француз газеті бүліктен кейін Пригожин Путинмен кездескенін жазды. Песков бұл ақпаратты растады

Евгений Пригожин Бөлісу

  Француз газеті бүліктен кейін Пригожин Путинмен кездескенін жазды. Песков бұл ақпаратты растады Бөлісіңіз

"Вагнер" жеке әскери тобының басшысы Евгений Пригожин 23-24 маусымдағы сәтсіз бүліктен кейін Ресейден кеткенімен, Мәскеуге қайта оралып, Владимир Путинмен кездескен. Бұл жөнінде Францияның Libération газеті батыс барлауының мәліметтеріне сүйеніп жазды.

Басылымның жазуынша, Пригожинді 1 шілдеде "Вагнердің" командирімен қоса Кремльге шақырған. Олар Путиннен өзге Росгвардия басшысы Виктор Золотовпен және сыртқы барлау қызметінің жетекшісі Сергей Нарышкинмен кездескен. Кездесуде не айтылғаны хабарланбаған.

Кейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Пригожин мен Путиннің кездескенін растады. Оның сөзінше, 35 адам қатысқан кездесу 29 маусымда өтіп, үш сағатқа созылған. Путин командирлердің түсініктемесін тыңдап, оларға жұмыс ұсынған.

"Вагнер" бүлігі тоқтаған соң Пригожиннің Беларусь республикасына жіберілгені хабарланған. Алайда кейін БАҚ бизнесмен Санкт-Петербургте көрінгенін жазған. Беларусьтағы билікті қолына ұстап отырған авторитар басшы Александр Лукашенко өз елінде Пригожиннің жоқ екенін айтқан.

Источник: www.azattyq.org