үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Француз компаниясы еліміздің 4 өңірінде электровоз өндірісін ашады

Француз компаниясы еліміздің 4 өңірінде электровоз өндірісін ашады

17
0


                Француз компаниясы еліміздің 4 өңірінде электровоз өндірісін ашады

Фото: ғаламтордан

Француз компаниясы еліміздің 2 мегаполисі мен қос облысында электровоз өндірісін және оларға қызмет көрсететін орталықтарды ашуды жоспарлап отыр. Мұны БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Total Energies» француз компаниясының Жамбыл облысында салып жатқан қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясы жобасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл нысанды 2026-2027 жылдары пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның құны 1,9 млрд долларға бағаланады. Бұдан басқа, «Alstom» компаниясы Астана, Алматы қалалары мен Жамбыл және Түркістан облыстарында электровоз өндірісін және оларға қызмет көрсететін орталықтарды құруды жоспарлап отыр. Бұл жобаны іске асыру кезінде 1 мыңнан астам жергілікті мамандар даярланады», — деп жоспарларға тоқталды», — деп атап өтті Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Источник: nege.kz