үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Германия мен Франция Украинаға «Леопард» танкісі мен алысқа ұшатын SCALP зымыранын беретін...

Германия мен Франция Украинаға «Леопард» танкісі мен алысқа ұшатын SCALP зымыранын беретін болды

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Германия мен Франция Украинаға "Леопард" танкісі мен алысқа ұшатын SCALP зымыранын беретін болды


Германия мен Франция Украинаға "Леопард" танкісі мен алысқа ұшатын SCALP зымыранын беретін болды

"Леопард 2" танкісі. Көрнекі сурет Бөлісу

  Германия мен Франция Украинаға "Леопард" танкісі мен алысқа ұшатын SCALP зымыранын беретін болды Бөлісіңіз

Вильнюсте өткен саммите Германия канцлері Олаф Шольц пен қорғаныс министрі Борис Писториус Украинаға 700 миллион долларға жуық жаңа әскери пакеті берілетін хабарлайды. Бұл жөнінде Süddeutsche Zeitung газеті хабарлады.

Басылым мәліметіне қарағанда бұл пакетке 25 "Леопард" танкісі, 40 "Мардер" БМП-сы, екі "Пэтриот" әуе қорғанысы кешені, артиллерияның 20 мың снаряды кіруі мүмкін.

Биыл қаңтарда Украинаға 178 "Леопард 1" танкісін беретін болған Германия 2024 жылдың алғашқы кварталына дейін 100-ден астам танкі беруді көздеп отыр. "Леопард" танкілері қазірдің өзінде Украинаның қарсы шабуылына қатысып жатыр.

НАТО-ның Вильнюстегі саммитінде Франция президенті Эммануэль Макрон да Францияның Украинаға алысқа ұшатын "әуе-жер" класындағы SCALP зымыранын беретінін хабарлады.

Бұған дейін Франция алысқа ұшатын зымыранмен Украина Ресей жерін атқылауы мүмкін деп тартынып келген.

2023 жылдың мамырынан бастап Ұлыбритания да Украинаға алысқа ұшатын Storm Shadow зымыранын бере бастайды. Оны Украина қазірге дейін қолданып та көрген. Луганск олысында майдан шебінен 100 шақырым қашықтағы нысанды атқанын Ресей қорғаныс министрлігі хабарлаған. Storm Shadow зымыранын пайдаланғанын Украина да растаған, бірақ егжей-тегжейлі айтпаған.

Источник: www.azattyq.org