үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде «санкцияны айналып өту» де сөз болғанын айтты

Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде «санкцияны айналып өту» де сөз болғанын айтты

16
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде "санкцияны айналып өту" де сөз болғанын айтты


Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде "санкцияны айналып өту" де сөз болғанын айтты

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Бөлісу

  Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде "санкцияны айналып өту" де сөз болғанын айтты Бөлісіңіз

— Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімеде Ресейдің Украинаға агрессиялық саясаты да сөз болды. Біз елдің аумақтық тұтастығын, егемендігін және БҰҰ жарғысын қолдаймыз. Ресейге салынған "санкцияны айналып өту" мәселесін де сөйлестік,- деді Германия президенті Штайнмайер бүгін Астанада өткен жиында.

Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға кеше кешке, 19 маусымда ресми сапармен келген. Екі мемлекет басшысы Ақордада келіссөз жүргізіп, онда талқыланған мәселелер жөнінде екі ел делегациясының алдында сөйлеген.

Германия президенті Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық қатынастарға тоқталып, оған Ресейдің Украинаға агрессиясы әсер етіп отырғанын аңғартқан.

— Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда транзиті негізінен Ресей және Беларусь жері арқылы өтеді. Біз Қазақстанның осыған балама бағыт іздестіріп жатқанын қолдаймыз,- деді Штаймайер.

Германия президентінен кейін сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев та екі ел арасындағы алыс-беріс жөнінде айтты. Бірақ Штайнмайер секілді "санкцияны айналып өту" мәселесі талқыланғанын сөз етпеді. Ресей мен Украина арасындағы жанжалды меңзеп:

— Қазақстан дауласқан тараптарды бітімге шақырып, келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынды. Еліміз дауды дипломатиялық жолмен шешуге белсене араласуға дайын,-деді.

Тоқаев пен Штайнмайер кездесуі жөнінде Ақорда баспасөз қызметі "Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді" деген ақпарат таратты.

Биыл 28 наурызда Еуропа одағының санкциялар жөніндегі арнаулы өкілі Дэвид О’Салливан "Ресейге санкция салуды қолдамайтын елдер санкцияны айналып өтетін құрал болмауға тиіс" деп мәлімдеген еді. Ол сәуірдің соңында Қазақстанға келген сапарында "кейбір елдердің Ресеймен сауда қатынасында әдеттен тыс тауар ағыны" ұлғайғаны байқалғанын айтқан. Осыдан кейін Батыс ақпарат құралдары Еуропа одағының санкциясына Ресейге көмектескен Орталық Азияның өзге де елдерімен бірге, Қазақстан да ілігіп кетуі мүмкін деген болжам жариялай бастаған.

15 мамырда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары — сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапарымен барған. Сол кезде Бүгін Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі – Еурокомиссияның вице-президенті Жозеп Боррель Twitter-дегі парақшасында "Ресей соғысының салдары мен санкцияны айналып өту мәселесі жөнінде де ой-пікір бөлістік" деп жазған.

Источник: www.azattyq.org