үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр

Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр

10
0


Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр Буча қаласындағы зират Бөлісу

  Германия прокуратурасы Ресей әскерінің Украинадағы қылмыстарын тексеріп жатыр Бөлісіңіз

5 ақпанда Германияның бас прокуроры Ресей қарулы күштерінің Украинадағы қылмыстарын дәлелдейтін жүздеген айғақ жиналғанын мәлімдеді.

Бас прокурор Петер Франк Welt am Sonntag газетіне берген сұхбатында: "Бучадағы қырғын мен Украинаның азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылды зерттеп жатырмыз" деді. Оның сөзінше, Украина босқындары көптеген мәлімет берген.

France-Press жазуына қарағанда, Петер Франк офисі белгілі бір ауыр қылмыстарды қай жерде жасалғанына қарамастан тексеруге мүмкіндік беретін әмбебап заң аясының принциптерін қазірдің өзінде пайдаланып отыр. Бұл принцип бұған дейін Сириядағы азамат соғысы кезінде айрықша қатыгездік көрсетілген жағдайларға байланысты қолданылған.

Осы принцип негізінде Мьянмадан шыққан бір топ адам Германия сотына шағымданып, Мьянма әскери қызметкерлерінің адамзатқа қарсы қылмыстары жөнінде талап арыз түсірген.

Петер Франк Германия бас прокуратурасы Украинадағы Ресей әскерінің қылмысы бойынша тексерісті былтыр наурыз айында бастағанын атап өткен.

Источник: www.azattyq.org