үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы: Ресейдің әлі де ұзақ соғысуға шамасы жетеді

Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы: Ресейдің әлі де ұзақ соғысуға шамасы жетеді

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы: Ресейдің әлі де ұзақ соғысуға шамасы жетеді


Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы: Ресейдің әлі де ұзақ соғысуға шамасы жетеді

Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы Бруно Каль. Бөлісу

  Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы: Ресейдің әлі де ұзақ соғысуға шамасы жетеді Бөлісіңіз

Владимир Путин басқаратын Ресей билігінде әзірге көзге түсетіндей жарықшақ байқалмайды. Германия сыртқы барлау қызметінің басшысы Бруно Каль бәрі бір сәтте өзгеруі мүмкін екенін де жоққа шығарған жоқ.

Берлиндегі Қауіпсіздік саясаты академиясында сөйлеген Германия сыртқы барлау қызметінің (BND) басшысы Каль "өз әскеріне оқ-дәрі жеткізіп бере алмайтын жағдайға жетті" дейтін кейбір пікірлерге қарамастан, "Ресейдің саяси жүйесі шайқалып тұр деуге негіз жоқ" деді, алайда ондай жағдай болуы мүмкін емес деп те айтпады.

Кальдің сөзінше, әскерін одан әрі толықтырып, ұзақ соғысуға Ресейдің әлі де шамасы бар. Оқ-дәрі мен қару-жарақ мәселесі де солай. Сол себепті, Ресей әлсіреді деуге немесе ұрыс қимылдары аяқастынан тоқтай қалады деп үміттенуге болмайды.

Бруно Каль Ресей қарулы күштерінде кейбір әлсіз тұстар бар екенін айтты, "бірақ Батыс ұйымдасқан түрде Украинаға көмектеспесе, соғысты соза түсіп, сан мен материал жағынан үстемдікке жетуді көздейтін Путиннің стратегиясы жеңіп кетуі де мүмкін".

"Ресейдің Украинаға соғыс ашатынын BND қашан білді?" деген сұраққа Каль соғыс басталардан екі апта бұрын Германия барлауы жағдайды анықтағанын, оны басқаша бағалау мүмкін болмағанын түсіндірді. "АҚШ пен Ұлыбритания соғыс болатынын BND-дан бұрын білді" деген сынға да жауап берді. Оның сөзінше, Америка мен Британия қызметі соғыс мүмкіндігін өздері бақылаған өлшемдер бойынша болжаған. Германия сыртқы барлауы "шабуыл бастау я бастамау туралы шешімді Путиннің өзі ғана қабылдайды" деген болжамды ұстанған.

Источник: www.azattyq.org