үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Халықаралық ұйымдар Еуроодақты Kloop.kg сайтына араша түсуге шақырды

Халықаралық ұйымдар Еуроодақты Kloop.kg сайтына араша түсуге шақырды

6
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Халықаралық ұйымдар Еуроодақты Kloop.kg сайтына араша түсуге шақырды


Халықаралық ұйымдар Еуроодақты Kloop.kg сайтына араша түсуге шақырды

Бөлісу

  Халықаралық ұйымдар Еуроодақты Kloop.kg сайтына араша түсуге шақырды Бөлісіңіз

Бірқатар беделді халықаралық құқық қорғау ұйымы Қырғызстан билігінің Kloop.kg тәуелсіз медиасын жабу әрекетіне қатысты мәлімдеме жасап, Бішкекті сайтты жабу туралы талабын қайтарып алуға, БАҚ-ты қудалауды доғаруға шақырады.

"Еуропа Одағы мен Қырғызстанның басқа да халықаралық серіктестері осы үндеуді қолдап, сөз бостандығын елемеу Қырғызстанмен әрі қарайғы қарым-қатынасқа теріс әсер ететінін айтуы керек" дейді ұйымдар.

Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік ұйымы (IPHR) жариялаған бұл мәлімдемеге Freedom Now, Хельсинки адам құқықтары қоры, Адам құқығы бойынша халықаралық федерация, Норвегиядағы Хельсинки комитеті, Азаптауға қарсы дүниежүзілік ұйым сияқты бірнеше ұйымы қол қойған.

Құқық қорғау ұйымдары Қырғызстан билігінің бұл әрекеті "мемлекетке ыңғайсыз мәселелерді ашық жазатын Kloop.kg сайтынан кек алу" деп санайды.

Бұған дейін "Журналистерді қорғау комитеті" (CPJ) халықаралық үкіметтік емес ұйымы мен Human Rights Watch (HRW) халықаралық ұйымы, Қырғызстанның медиа қауымдастығы үкіметтен талап арызын кері қайтарып алуға шақырған.

28 тамызда Бішкек қаласының прокуратурасы "Клооп Медиа" (Kloop.kg сайтын) қоғамдық қорын жабу туралы сотқа шағым түсірді. Құжатта "мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Клооп Медиаға" жүргізген тексерісі кезінде жарияланған материалдар қазіргі биліктің саясатын қатты сынап, көбі негативке толы, мемлекеттік және жергілікті органдар өкілдерін беделін түсіруге бағытталған" деп жазылған.

Источник: www.azattyq.org