үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Иран аятолласы мыңдаған тұтқынға рақымшылық жасады. Бостандыққа шығатындар «жасаған ісіне өкінуге тиіс»

Иран аятолласы мыңдаған тұтқынға рақымшылық жасады. Бостандыққа шығатындар «жасаған ісіне өкінуге тиіс»

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Иран аятолласы мыңдаған тұтқынға рақымшылық жасады. Бостандыққа шығатындар "жасаған ісіне өкінуге тиіс" Әли Хаменеи. Бөлісу

  Иран аятолласы мыңдаған тұтқынға рақымшылық жасады. Бостандыққа шығатындар "жасаған ісіне өкінуге тиіс" Бөлісіңіз

Иранның аятолласы Әли Хаменеи мыңдаған адамға рақымшылық жасады. Рақымшылыққа іліккендер ішінде былтыр күзде басталып, бірнеше айға ұласқан ірі наразылық кезінде қамалғандар аз емес. Бұл ақпаратты жексенбіде Иранның ресми баспасөзі таратқан.

Иран баспасөзінің жазуына қарағанда, "шетел тыңшысы" деген айып тағылмағандар, қасақана кісі өлтірмегендер, мемлекет мүлкіне зақым келтірмегендер бостандыққа жіберіледі. Рақымшылықты Иран билігі 1979 жылы болған Ислам революциясының мерейлі датасына орайластырған.

Былтыр қыркүйек айында Иранның әдеп полициясы қамауға алған әйел өлімінен кейін үкіметке қарсы ірі наразылық акциясы басталған. Әдеп полициясы 22 жастағы Махса Әминиді "хиджабын дұрыс кимеген" деген желеумен ұстаған.

Иран билігі ұзаққа созылған бұл наразылыққа сыртқы күштер дем беріп отыр деп есептейді.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, жаппай акция кезінде 500-ден аса адам өлтірілген. Оның 70-і – кәмелетке толмағандар. 20 мыңға жуық адам қамауға алынған. Наразылыққа шыққандардың кейбірін дарға асып өлтірген соң, қарсылық бәсеңдеген.

"Әли Хаменеидің жарлығына байланысты Иран сот жүйесі басшысының орынбасары Садек Рахими "рақымшылыққа іліккен адамдар жасаған ісіне өкінетінін айтып, өтініш жазуға тиіс, әйтпесе бостандыққа шықпайды деп түсіндірді" дейді Би-би-си.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version