үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ішкі істер министрлігі: Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдарды үйлестіруші ұсталды

Ішкі істер министрлігі: Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдарды үйлестіруші ұсталды

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ішкі істер министрлігі: Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдарды үйлестіруші ұсталды Журналист Вадим Борейко пәтерінің есігін белгісіз адамдар желімдеп кеткенін айтты. 19 қаңтар, 2023 жыл Бөлісу

  Ішкі істер министрлігі: Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдарды үйлестіруші ұсталды Бөлісіңіз

Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл жасаған күдікті топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің басшысы Альбина Махамбетованың айтуынша, оларға Қылмыстық кодекстің 115-бабы (“қорқыту”), 147-бабы (“жеке өмірге қол сұғу”), 158-бабы (“журналистік қызметке кедергі келтіру”), 202-бабы (“біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”) және 293-бабы (“бұзақылық”) бойынша айып тағылған.

"Алматыда арандатушылық шабуылдарды тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О. Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда "тапсырыстар" беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді" дейді Альбина Махамбетова.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version