үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа бір айда мыңнан аса шағым түскен, тоғызы ғана...

Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа бір айда мыңнан аса шағым түскен, тоғызы ғана қабылданған

21
0


Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа бір айда мыңнан аса шағым түскен, тоғызы ғана қабылданған

ЖАҢАЛЫҚТАР Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа бір айда мыңнан аса шағым түскен, тоғызы ғана қабылданған Конститцияны өзгертуге қарсылық акциясы. Архив фотосы. Бөлісу

  Жаңадан құрылған Конституциялық сотқа бір айда мыңнан аса шағым түскен, тоғызы ғана қабылданған Бөлісіңіз

Қазақстан Конституциялық сотына 4 қаңтардан 13 ақпанға дейінгі аралықта азаматтардан мыңнан астам шағым түскен. Оның тоғызы ғана өндіріске қабылданған. Бұл ақпаратты осы органның баспасөз қызметі таратты.

Сот ақпаратына қарағанда, шағымдардың жартысынан көбі Конституциялық сотқа шағымдану талаптарына сай келмеген.

"Бұл жағдай арызданушылардың өтініштерді алдын ала тексеру сатысында анықталған қателеріне байланысты болып отыр" дейді баспасөз қызметі.

Шағымы қабылданбағандар ескертілген кем-кетікті жөндеген соң Конституциялық сотқа қайта шағымдануына болады. Шағым үлгісі сот сайтына жарияланған. Азаматтардың негізгі заңға қайшы деп санайтын нормаларды заңсыз деп тану туралы шағым түсіруіне құқығы бар.

Қазақстанның Конституциялық соты 1995 жылы таратылып, конституциялық кеңеске айналған. 2022 жылдың жазында өткен референдум нәтижесі бойынша қайтадан Конституциялық сот құрылып, 2023 жылдың қаңтарынан іске кіріскен.

Источник: www.azattyq.org