үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының екеуі қайтыс...

Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының екеуі қайтыс болды

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының екеуі қайтыс болды


Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының екеуі қайтыс болды

Бейтарап фотосурет. Бөлісу

  Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының екеуі қайтыс болды Бөлісіңіз

Ақтөбе облысы Жаңажол кенішіндегі №2 газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының екеуі қайтыс болды.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 56 жастағы Рахымжан Рысбеков Астана қаласындағы №1 қалалық ауруханада 14 мамырда жан тапсырған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жұмыс орнында күйіп қалған Рахымжан Рысбеков 3 мамыр күні Астанаға санавиация ұшағымен жеткізілген.

– Денесінің 70-75 пайызы күйген науқас айығып кете алмады. Басын, бетін, денесі мен аяқ-қолын термиялық күйік шалған. Тыныс жолдары қатты зақымданған, – деп хабарлады дәрігерлер.

Денесінің 70 пайызы күйген, 1971 жылы туған Мырзалы Қуанышалиев те 14 мамырда қайтыс болған.

Газ өңдеу зауытының жұмысшылары Ақтөбе облысы Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға 1 мамыр күні сағат 17.00 шамасында түскен. Күйіп қалған жұмысшылардың жасы 32, 52, 53 және 56-да.

Кеңқияқ ауруханасындағы төрт жұмысшы 2 мамырда облыс орталығына әкелінген. Жағдайы ауыр үш адам ертесіне 3 мамырда санавиация ұшағымен Астанаға жеткізілген.

Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт туралы хабар "112" нөміріне 1 мамырда сағат 15.55-те түскен. Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеңіл көмірсутегі қондырғысы өртенгенін хабарлады. Өртке не себеп болғаны әлі анықталып жатыр.

Қытайдың "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясы мұнай өндіріп, газ өңдейтін Жаңажол кеніші Ақтөбе облысының Батпақкөл ауылдық округінің аумағында орналасқан.

Источник: www.azattyq.org