үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін «рейдерлікпен тартып алған»

Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйін «рейдерлікпен тартып алған»

27
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақүйін "рейдерлікпен тартып алған"


Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақүйін "рейдерлікпен тартып алған"

Kazakhstan – Arystanbek Mukhamediuly, Zhurgenev University rector. Almaty, 20Dec2013 Бөлісу

  Жемқорлыққа қарсы қызмет: Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақүйін "рейдерлікпен тартып алған" Бөлісіңіз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен тартып алған деп күдіктенеді. Ведомство тергеу аяқталғанын хабарлады.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің мәлімдемесі бұрынғы министрдің сот отырысынан тараған видеосынан кейін шықты. Мұхамедиұлы сот отырысында "жемқорлықпен күрес қызметкерлері "Дипломат" қонақүйін үшінші тұлғалардың атына қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залал төлеуге мәжбүрледі" деген. Ведомство бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп біледі.

"Дипломат" қонақүйін рейдерлікпен тартып алды деген күдікпен Мұхамедиұлына байланысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды. Осыған байланысты Мұхамедиұлы аталған мән-жай жөнінде сот пен жұртшылықты адастыру, жауапкершіліктен жалтару мақсатымен жалған ақпарат таратты" дейді ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты агенттік "жала жабу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе қарастырылып жатқанын хабарлады.

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының соты биыл сәуірде басталған. Оған Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрғанда "бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған.

Источник: www.azattyq.org