үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Jusan» сериалы күзге дейін аяқталады. НЕГЕ бізді «біртүрлі» хэппи енд күтіп тұр?

«Jusan» сериалы күзге дейін аяқталады. НЕГЕ бізді «біртүрлі» хэппи енд күтіп тұр?

25
0


                «Jusan» сериалы күзге дейін аяқталады. НЕГЕ бізді «біртүрлі» хэппи енд күтіп тұр?

Фото: Коллаж NEGE

Кейбір инсайдтарға сенсек, «Jusan bank» басқарма құрамы бүгін ауысуы тиіс. Бірақ, банк акционерлерінің бірі Ғалымжан Есеновтің акционерлердің ортақ жиылысын 10 тамызға қойғанына қарағанда, негізгі шешімдер сол күні қабылданады.

Егер жаңадан жасақталатын директорлар кеңесінің құрамына мемлекетке жақын жүрген қаржыгерлер енетін болса, онда Ақорданың Jusan bank-ті Назарбаев пен Мәсімов құрылымдарынан тартып алып, өзіне қайтарғаны анық байқалмақ. Осы операциялардың барлығы, 2020 жылдан бері номиналды түрде Jusan bank-тің 20% акциясына ие болып келген Ғалымжан ЕСЕНОВ арқылы жүзеге асты.

Алдымен билік араға киліге берген Шигео КАТСУДЫ лақтырып тастады. Одан кейін билік Есеновке дем беріп, ол Мәсімов командасындағы Ербол ОРЫНБАЕВ құрған, Невада штатында тіркелген New Generation қорына британ сотына шағымданбақ ниетін хабарлады. New Generation қоры өзінің сотта ұтылатынын білетіндіктен, мәселені соттаспай, тез шешуге келіскен сыңайлы.

NEGE дереккөзінің айтуынша, осы жұмыстардың арқасында Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА қарасты британдық Jusan Technologies компаниясы өзі ұстап отырған мажоритарлы акциялар пакетін Ғалымжан Есеновке өткізіп береді. Сол арқылы, Ғалымжан Есенов Jusan bank-тің жалғыз иесі атанбақ.

  • Jusan операциясы. Сарапшылар банктің Қазақстанға қалай қайтқанын НЕГЕ түсінбей отыр?

Одан кейін не болады? Қазір екі сценарий қарастырылуда. Бірінші жолы: мемлекет Ғалымжан Есенов арқылы банкті бақылап отырады және қысқа мерзімде өзіңнің кезінде банкке жұмсаған ақшасын шығарып алады.

Екінші жол: мемлекет директорлар кеңесіне өз қаржыгерлерін кіргізіп, банкті толықтай өз бақылауына алады. Өз ақшасын бәрібір қайтарады. Онымен бірге мемлекет «Nazarbayev университет» пен «Назарбаев зияткерлік мектептерін» қаржылдандыруды Jusan bank мойнына ілмек. Сонда бюджет бұл жүктемеден босайтын болады.

Ғалымжан Есенов 10 тамызға барлық акционерлерді шақырып отыр. Жиылыстың күн тәртібіне маңызды екі сұрақ қойылды. Алдымен, Ғалымжан Есенов 2020 жылы жасалған «АТФБанктің» жай акцияларын сатып алу-сату шартына қосымша өзгерістер енгізбек. Одан кейін қазіргі директорлар кеңесін таратады да оларға тиісті еңбекақыларын төлеп береді. Дәл сол жиылыста директорлар кеңесінің жаңа құрамы белгілі болмақ.

  • Қосымша №7. «Jusan bank» НЕГЕ Шигео КАТСУҒА жомарттық танытты?

Jusan bank 2022 жылы 111,5 миллиард теңге таза кіріс тапты. 2021 жылы табысы 47,5 миллиард теңге болғанын ескерсек, банктің тиімділігі екі есе артқанын байқауға болады. 2022 жылдың аяғында банк активтері 3,1 триллион теңгеге, міндеттемелері 2,5 триллион теңгеге жеткен еді. Ал биылғы I тоқсан нәтижесі бойынша, банк 30,6 миллиард теңге таза пайда көріп отыр.

Jusan bank эпопеясы осымен аяқталады деп ойлаймыз. Jusan – Назарбаев пен Ескі Қазақстанның билік басындағы шенеуіктері жасаған «беспределдің» жарқын кейсі болды.

#jusan #есенов #масимов

Источник: nege.kz