үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Жылумен жабдықтау саласы мамандарының жалақысы 300 мың теңгеге дейін өседі

Жылумен жабдықтау саласы мамандарының жалақысы 300 мың теңгеге дейін өседі

21
0


                 Жылумен жабдықтау саласы мамандарының жалақысы 300 мың теңгеге дейін өседі

Фото: ғаламтордан

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты.

Алматы, NEGE. Министр жылу, энергетика, сумен жабдықтау саласында жалақы аз төленетінін, өйткені 5 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіткеннен кейін, оны өзгерту мүмкіндігі болмағанын айтты.

«Былтыр Парламент заңға тиісті өзгерістер енгізіп, нәтижесінде қазір табиғи монополия субъектілерінен 79 өтініш келіп түсті. Олар қаралып жатыр. Кейбір субъектілерде өндірістік жұмысшылардың жалақысы шамамен 135-150 мың теңге болған. Біздің мақсатымыз — осы жалақыны орташа 300 мың теңгеге дейін көтеру. Бұл бұрыннан бері шешімін таппай келе жатқан бірнеше проблеманы шешеді», — деді Ә.Қуантыров.

Источник: nege.kz