үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Кәсіпкерлер: «Үмітіміз – Конституциялық сотта»

Кәсіпкерлер: «Үмітіміз – Конституциялық сотта»

0

Фото: ғаламтордан

Қазақстанның бизнес өкілдері алғаш рет Ата заңға қайшы келеді деп саналатын Салық кодексі нормалары бойынша Конституциялық сотқа жүгінбекші.

Жақында құрылған Qazaqstanda jasalgan атты экономикалық ұлтшылдық қозғалысының өкілдері кейбір салық рәсімдерінің Конституцияға сәйкестігін тексеруге шешім қабылдады.

Ереже бар, бірақ оны бәрі біле бермейді

Абай тігін фабрикасының басшысы, бұрынғы адвокат Нұрхан ЖҰМАБЕКОВ Салық комитетінің салық төлеушілерге (кәсіпкерлерге – ред.) тәуекел дәрежесін беру ережесі Конституциялық сотқа  жүгінуге себеп болғанын айтты.

Н.Жұмабеков.

Оның сөзінше, қандай да бір компанияның жоғары, орташа немесе төмен тәуекел дәрежесі бары немесе оның негізгі себептері Қазақстанда жабық тақырып  саналады. Бұл мәселені ешкім білмейді, тіпті бизнес иесі де біле бермейді.

«Бұл ретте тәуекелдің жоғары дәрежесін беру компанияға елеулі проблемалар әкелуі мүмкін», – дейді кәсіпкер.

– Конституциялық сот құрылғаннан кейін біз салық кодексінің 137-бабы Конституциялық тұрғыдан көтерілуге тиіс деп, осы  мәселесі бойынша Конституциялық сотқа жүгінуді ұйғардық. Біз көтерген мәселеге сәйкес, тәуекелдерді бағалау жұмысы жүргізілген салық төлеушіге тәуекелдерді басқару жүйесінің тәуекелдік критерийлері мен қолдану тәртібі – жария етілмейтін құпия ақпарат. Яғни, сізге іс жүзінде мемлекетке зиян келтіру қаупінің жоғары дәрежесін беру туралы хабарлама келеді. Болашақта тәуекелдік критерийлері салық төлеушілердің құқықтары мен міндеттеріне әсер етеді. Егер тәуекелдің жоғары дәрежесі болса, онда компанияға қатысты белгілі бір қатаң әкімшілік процедуралар іске қосылады, – дейді ол

Ол қандай нақты қандай процедуралар болуы мүмкін?

Бұл туралы кәсіпкер былай дейді: «Мысалы, камералдық бақылау (салық есебі, декларация негізінде бақылау). Егер Салық комитеті есептерді тексеру кезінде қандай да бір күдікті қатені, жеткізуші мен тапсырыс берушінің декларациясындағы шамалы сәйкессіздікті тапса, «камералдық бақылау нәтижесінде сізде заң бұзушылықтар бар екенін анықтадық» деп  хабарлама жібереді. Егер сізде орташа тәуекел деңгейі төмен болса, онда сізге тек хабарлама жіберіледі. Егер жоғары болса, сізге орындауды талап еткен хабарлама келеді. Талап орындалмаған жағдайда компаниялардың есепшоттары бұғатталып, иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады».

Қазақстандық кәсіпкерлердің құқығы қандай?

– Осы норманың қолданысы мен тәуекел дәрежесінің мониторингі, кірістерді әділ декларациялау бизнесті қорғай алмайды. Өйткені, тәуекел дәрежесін төмендету үшін не істеу керек екені белгісіз. Ойын шарттары ашық емес.

Тіпті кісі өлтірушіге де қылмыстық іспен танысуға құқық беріледі. Ал кәсіпкер қылмыскерден де жаман болғаны ме? Қаншама жылдар бойы осылай. Бірақ қазір Конституциялық Соттың құрылуы бізге бір үміт берді. Конституциялық Сот туралы заңда әрбір азаматтың Конституцияға сәйкес қандай да бір нормаға қарсы шығуға құқығы бар және бұл құқығын жүзеге асыруы үшін азаматтардың орындауы керек шарттары бар деп жазылған, – дейді Нұрхан Жұмабеков.

Заңгер кәсіпкерлер 25 қаңтарда КС-ке өтініш білдіргенін және 31-і күні жауап алғанын атап өтті. Алайда сот талапкерлердің азаматтық сот сатысын айналып өтіп, КС-ке тікелей жүгінуіне байланысты іс қараудан бас тартылыпты.

Нұрхан Жұмабеков бұл шешімнің заңдылығын мойындайды:

– Азаматтық сотқа алдын ала жүгінбей-ақ, КС-ға баруға құқығы бар деген норма бар. Бірақ бұл ерекше жағдайларға байланысты. Біздің өтінішіміз осындай жағдайларға қатысты деп есептедік. Конституциялық Сот басқаша шешім қабылдапты. Олар Конституциялық Соттың қорытындыларымен келісіп, ұзаққа созылатын процесті таңдап шешім қабылдады. Енді біз қарапайым азаматтық сотқа талап арыздар дайындап жатырмыз, болжап отырғанымыздай, Салық кодексінің 137-бабына келіп, бізге ақпарат беруден бас тартады (тәуекел дәрежесін беру ережелері туралы), содан кейін біз Конституциялық сотқа осы бапты конституцияға қарсы деп тануды талап етеміз, – деді ол.

Салық кодексінің нормасын Конституциялық сотта қарауға  өтініш білдірген кәсіпкерлердің қатарында қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Айбек БАРЫСОВ, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ұлттық бірлестігінің Басқарма төрағасы Гүлмира УАХИТОВА, Qazaqstanda jasalgan тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы, еліміздегі  жиһаз және ағаш өңдеу, автомобиль, аграрлық салаларының өкілдері бар.

А.Барысов.

«Қазақстандықтардың КС-қа жүгіну тәжірибесі іс жүзінде жоқ. Сондықтан бас тарту, қайта жүгіну процесі қалыпты жағдай, осылайша сот практикасы құрылады», – дейді Қозғалыс өкілдері.

Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының көшбасшысы Айбек Барысов даулы норма қазақстандық тауар өндірушілерге барынша зиян тигізеді деп есептейді.

«Біздің қозғалысымыздың мақсаты – қазақстандық кәсіпкерлердің мәселелерін шешу, біз оны жақсы түсінеміз, біз үшін проблемаларымызды біреу келіп шешіп бермейді. Бұл норма, менің ойымша, ең алдымен отандық бизнеске кедергі жасайды. Біздің өтінішіміздің артында жүздеген мың адам, кәсіпкерлер, кәсіпорын қызметкерлері, олардың отбасылары тұр.

Реформаларды, соның ішінде конституциялық соттарды жүргізу мақсатында Конституциялық сотты ел Президенті құрды. Ең маңызды реформа азаматтардың санасында болуға тиіс өзгерістер. Біздің әрқайсымыз өз елімізді, оның ішінде оның заңдарын құру тетігі бізде екенін, бізге байланысты екенін түсінуіміз керек, – дейді ол.

Оның ойынша, бұл бастаманың негізгі мақсаты – бүкіл қоғамға ел реформаларына сөзбен емес, іс жүзінде қалай ықпал ету керектігін үлгі ету.

– Бұл үшін бізде құралдар, тетіктер бар, олар әлі де сынақтан өтпесе де, сықырлап жұмыс істейді. Бірақ жұмыс істету үшін оларды белсенді пайдалану керек. Біз қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартуға тырысып жатырмыз. Бізде Конституциялық сотта көтергіміз келетін тағы бірнеше сұрақ бар, бірақ бұл оңай іс емес.

Салық кодексінің 137-бабы бойынша соттасу – бұл біздің алғашқы қадамымыз, сондықтан қателесуіміз де мүмкін. Алайда бұл процесті әрі қарай ширатып, түсінікті және қарапайым ету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек, – деп ойын қорытындылады Айбек Барысов.

Источник: nege.kz

Exit mobile version