ЖАҢАЛЫҚТАР Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейе түсті
Голая Пристань қаласында өлгендердің мәйіті Бөлісу
Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейе түсті Бөлісіңіз
Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейіп барады. Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко Кахаовка СЭ-сіндегі жарылыстан 17 адам өлгенін, 13-і суға батып, 4 адам эвакуация кезінде оқ тиіп өлгенін хабарлады. 31 адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұл мәліметтер Украинаның бақылауында жатқан Днепрдің оң жағасы жөнінде. Куәгерлер сөзінше, Украина төтенше қызметі Ресей әскерінің бақылауындағы сол жағалаудан да өз азаматтарын құтқарумен айналысқан. Украина билігінің хабарына қарағанда, 11 маусымда эвакуация кезінде 3 адам Ресей солдаттарының оғына ұшқан.
Источник: www.azattyq.org