үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Казақстан Ауғанстанға жіберетін ұн транзиті үшін Өзбекстаннан тарифті арзандатуды сұрады

Казақстан Ауғанстанға жіберетін ұн транзиті үшін Өзбекстаннан тарифті арзандатуды сұрады

9
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Казақстан Ауғанстанға жіберетін ұн транзиті үшін Өзбекстаннан тарифті арзандатуды сұрады


Казақстан Ауғанстанға жіберетін ұн транзиті үшін Өзбекстаннан тарифті арзандатуды сұрады

Бөлісу

  Казақстан Ауғанстанға жіберетін ұн транзиті үшін Өзбекстаннан тарифті арзандатуды сұрады Бөлісіңіз

Қазақстан өзбек билігінен Ауғанстанға теміржолмен жеткізілетін қазақ ұны мен дәнді-дақылдарына арналған тарифті арзандатуды сұрады.

Бұл жөнінде Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, өтініш Астанада өткен Қазақстан мен Өзбекстан үкімет басшыларының орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Жәмшид Ходжаев деңгейіндегі жұмыс тобының кезекті отырысында айтылған.

Қазақстан Ауғанстанға шығарылатын ұн мен өзге де тауарлар экспортын көбейте түскісі келеді.

Өзбекстан аумағы арқылы қазақстандық ұн өнімдерінің транзитіне тарифтерді төмендету мүмкіндігін талқылауға ерекше назар аударылды. Қазақстаннан Өзбекстан аумағы арқылы Ауғанстанға ұн экспортының көлемі 2017 жылы тарихи максимумға жетіп 1 209 мың тоннаға жетті. Одан кейінгі жылдары бұл көрсеткіш айтарлықтай төмендеді: 2021 жылы – 536 мың тонна, 2022 жылы – 816 мың тонна. Биылғы 6 айда – небәрі 275 мың тонна",-дейді баспасөз ықзметі.

Қазақстан тарифті қанша пайыз төмендетуді сұрағаны белгісіз.

Ауғанстан Қазақстанның астығы мен ұнын сатып алатын елдердің бірі.

Биыл көктемде Қазақстан үкіметі Ауғанстанмен сауда-экономикалық қатынасты дамытуға мүдделі екенін мәлімдеген. Сауда министрі Серік Жұманғарин "Ауғанстанмен саудамыз саудамыз бір миллиард долларға жетті" деп мәлімдеген.

Астана "Талибан" үкіметінің дипломаттарына елшілік ғимаратын беруге келіскен. Алайда мұны Астана "талибан үкіметін мойындау емес" деп ақталған.

Источник: www.azattyq.org