үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «KEGOC» амортизациясы. Ұлттық компания НЕГЕ шығынға батып кетті?

«KEGOC» амортизациясы. Ұлттық компания НЕГЕ шығынға батып кетті?

19
0


                «KEGOC» амортизациясы. Ұлттық компания НЕГЕ шығынға батып кетті?

Фото: Nege.kz

2021 жылы 313 миллиард теңге қордаланған табыс алған KEGOC 2022 жылдың қортындысы бойына 53 миллиард теңге шығын көрсетті. Бірақ оны «қағаздағы шығын» десе болады. Себебі, Ұлттық компания 2022 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін акционерлеріне 17 миллиард теңге дивиденд төлеген.

Ұлттық компанияның негізгі мүлкін қайта есептегенде, олардың қазіргі құны 100 миллиард теңгеге кеміген. Ортақ шығын содан шығып отыр. Ал таза операциялық қызметті алсақ, выручка 217,2 миллиард теңге, операциялық кіріс 37,9 миллиард теңге, таза кіріс 26,7 миллиард теңге болған. 2021 жылмен салыстырғанда, бұл екі есеге аз.

«KEGOC» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: RSM

Өкінішке қарай, «KEGOC» компаниясының бизнес тиімділігі артудың орнына, жылдан-жылға нашарлап барады. 2021 жылы 1 триллион теңгеге бағаланған активтері өткен жылы 986 миллиард теңгеге кеміді. Компания выручкасы бір жылда 30,8 миллиард теңгеге өссе, көрсеткен қызметінің өзіндік құны 45,7 миллиард теңгеге көтерілген.

  • «KEGOC»-ке айыппұл салына ма?

Яғни, KEGOC жұмысы, өзіндік құны қымбаттауда. Соның салдарынан жалпы табыс көрсеткіші 15 миллиард теңгеге азайды. Бір акцияға инвесторлар алатын табыс 202 теңгеден 102 теңгеге дейін құлады.

«KEGOC» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: RSM

Онымен қоймай, KEGOC қазір Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетімен соттасуда. 2022 жылы комитет уақытша компенсациялық тарифтер бойынша бұйрық шығарған болатын.

  • KEGOC компаниясының басшысы қызметінен кетті

Ұлттық компания ол бұйрықпен келіспей, сотқа жүгінді. KEGOC есебінше, егер олар осы бұйрықты орындағанда 6,8 миллиард теңге шығынға батар еді.

KEGOC қайда барады? Инвесторлар алаңдап отыр. Сондықтан сарапшылар 2023 жылдың нәтижесін күтуде. Операциялық табыс биылғы амортизацияны баса ала ма? Басты сұрақ – осы.

#kegoc #самрук #нэс

Источник: nege.kz