үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Кеше «толық өшірілген» «Семей орманы» резерватынан бүгін тағы өрт шықты

Кеше «толық өшірілген» «Семей орманы» резерватынан бүгін тағы өрт шықты

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Кеше "толық өшірілген" "Семей орманы" резерватынан бүгін тағы өрт шықты


Кеше "толық өшірілген" "Семей орманы" резерватынан бүгін тағы өрт шықты

"Семей орманы" резерватындағы өрт сөндірушілер. Абай облысы, 11 маусым 2023 жыл Бөлісу

  Кеше "толық өшірілген" "Семей орманы" резерватынан бүгін тағы өрт шықты Бөлісіңіз

Бүгін, 15 шілдеде Абай облысына қарасты "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында тағы да өрт шыққан. Мұны төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм-арнасы хабарлады.

14 шілдеде бұл министрлік "Семей резерватындағы" өрт толық өшірілді деп хабарлаған.

Министрліктің бүгінгі ақпаратына қарағанда, "Семей орманы" табиғи резерватына қарасты Беген орманшылығы аумағынан басталған өрт 20 гектарға жайылған.

— Өрт туралы ақпарат түскен соң дереу жүзден астам адам мен 20-дан астам техника жіберілді,- дейді төтенше жағдайлар министрлігі.

Министрлік мұнан өзге өртті жедел сөндіру мақсатымен авиация да жібергенін, өрт шыққан аймақта "Шошқалы" демалыс аймағы бар екенін хабарлаған. Демалушыларға түтін басу қаупі бар екені ескертіліп, демалыс аймағынан шығып кетуді ұсынған.

Кеше, 14 шілдеде төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының Бородулихин ауданында көптен бері жанып жатқан "Семей орманы" резерватындағы өрт толық өшірілгенін, жекелеген от ошақтарын сөндіруге және жаңадан тұтанбауына жол бермеуге күш салатынын хабарлаған.

"Семей орманы" резерватындағы өрт 8 маусымда басталған. Өрттің жалпы ауданы бір аптаға жуық уақытта 60 мың гектардан асқан. Өрт кезінде 15 адам қаза болды, 14-і – орман шаруашылығының қызметкері. Қазақстан 12 маусымда аза күнін жариялаған.

ОСемейдегі өрт кезінде төтенше жағдайлар министрі ауысып, Юрий Ильиннің орнына Сырым Шәріпханов тағайындалған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа сөгіс берген.

Источник: www.azattyq.org