үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Киевтегі «Отан-ана» монументінен совет гербін алып жатыр

Киевтегі «Отан-ана» монументінен совет гербін алып жатыр

11
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Киевтегі "Отан-ана" монументінен совет гербін алып жатыр


Киевтегі "Отан-ана" монументінен совет гербін алып жатыр

Киевтегі "Отан-Ана" монументіндегі гербті алу сәті Бөлісу

  Киевтегі "Отан-ана" монументінен совет гербін алып жатыр Бөлісіңіз

Жексенбіде Киевтегі "Отан-ана" монументінен Совет одағының гербін алып тастау жұмыстары басталған. Диаметрі бірнеше метр металл герб Отан белгісін символдайтын әйел қолындағы құрыш қалқанға бекітілген.

Жұмыстың басталғаны жайлы Украинаның мәдениет және ақпарат саясаты министрлігі хабарлады. Украина БАҚ-тары 30 шілдеде монумент үстінде жүрген құрылысшылар суретін жариялады.

24 тамыз — Украина тәуелсіздігі қарсаңында совет гербінің орнына Украина гербі орнатылатын болады.

"Отан-ана" монументі Киевтегі Екінші дүниежүзілік соғыс музейінің аумағында тұр. Әйел мүсінінің биіктігі 62 метр (тұғырымен 102 метр). Бұл — Украинада ғана емес, әлемдегі ең биік ескерткіштердің бірі. 1981 жылы ескерткішті ашу салтанатына сол кездегі СССР бас хатшысы Леонид Брежнев қатысқан.

Украинада совет ескеркіштері жойылғанымен, монументке тиіспеген. Киевтің көптеген тұрғындары оны қала символдарының бірі деп санайды. Алайда Ресей әскері жаппай басып кіргеннен кейінгі сауалнамаға қатысқан 780 мың адамның 85 пайызы қалқандағы гербті ауыстыруды қолдаған.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Украина тарихы туралы музейдің директоры Юрий Савчук монументтің аты да "Украина-ана" деп өзгеруге тиіс деген еді. Алайда бұл жөнінде ресми шешім қабылданбаған.

2022 жылы 24 ақпанда Ресей әскері жаппай басып кірген соң Украина қалаларының көпшілігі Ресеймен немесе Украинаның совет кезеңімен байланысты ескерткіштерді бұзу жөнінде шешім қабылдаған.

Источник: www.azattyq.org