ЖАҢАЛЫҚТАР Үкімет кей университеттердің ғимараты жекеменшікке қалай өткенін тексереді
Алматыдағы қазақ-британ техникалық университеті. Көрнекі сурет Бөлісу
Үкімет кей университеттердің ғимараты жекеменшікке қалай өткенін тексереді Бөлісіңіз
Қазақстан үкіметі экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізіп, жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады. Мұны үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Премьер-министр құзырлы мемлекеттік органдарға тиісті құжаттар мен шарттарды тексеріп, олардың заңдылығына құқықтық баға беруді тапсырды. Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес, – дейді баспасөз қызметінің хабарында.
Қай оқу орындары тексерілетіні аталмаған.
Білім саласындағы кейбір нысандардың немесе активтердің жеке тұлғаларға қаншалық заңды берілгені қоғамда бұрын да талқыланып келген. Алайда үкімет бұл мәселеге Қаңтар оқиғасы мен заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы комисся құрылған соң ғана назар аудара бастады.
Источник: www.azattyq.org