үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Кишиневте мыңдаған адам митингіге шығып, Еуропа одағына қосылуды қалайтынын білдірді

Кишиневте мыңдаған адам митингіге шығып, Еуропа одағына қосылуды қалайтынын білдірді

17
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Кишиневте мыңдаған адам митингіге шығып, Еуропа одағына қосылуды қалайтынын білдірді


Кишиневте мыңдаған адам митингіге шығып, Еуропа одағына қосылуды қалайтынын білдірді

Бөлісу

  Кишиневте мыңдаған адам митингіге шығып, Еуропа одағына қосылуды қалайтынын білдірді Бөлісіңіз

Жексенбіде Молдова астанасы Кишинев қаласында ондаған мың адам митингіге шығып, Еуропа одағымен ынтымақтастықты қалайтынын білдірді. Полиция мәліметіне қарағанда, акцияға 75 мыңға жуық адам қатысқан.

Президент Майя Сандудың бастамасымен үкімет ұйымдастырған бұл митингіні оппозиция мен еуропашыл кей партиялар қолдамаған. Олар мұны "билікшіл "Әрекет пен ынтымақтастық" партиясының сайлау алдындағы үгіт-насихатына жатқызады" деп хабарлады Азаттық радиосының Молдаван редакциясы.

Еуропа парламентінің төрағасы Роберта Метсола қатысқан митинг Еуропа саяси қауымдастығының Кишиневте өтетін саммиті қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Саммит 1 маусымда өтеді. Бұл кездесуде Майя Санду Молдованың Еуропа одағына мүшелігі жөнінде келіссөзді тезірек бастау ниетіне қолдау тапқысы келеді дейтін болжам бар.

Источник: www.azattyq.org