үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың сотына оның жақтастарын кіргізбеді. Сот ғимараты маңына...

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың сотына оның жақтастарын кіргізбеді. Сот ғимараты маңына автозак қойылды

20
0


Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың сотына оның жақтастарын кіргізбеді. Сот ғимараты маңына автозак қойылды

ЖАҢАЛЫҚТАР Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың сотына оның жақтастарын кіргізбеді. Сот ғимараты маңына автозак қойылды

Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың соты. Астана, 10 наурыз, 2023 жыл. Бөлісу

  Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевтың сотына оның жақтастарын кіргізбеді. Сот ғимараты маңына автозак қойылды Бөлісіңіз

Астана қаласының әкімшілік сотында Қазақстан халық партиясының өкілі Нұрия Балтабайқызының "ар-намысыма тиді" деген арызы бойынша мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Шораевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

Жұма, 10 наурызда бұл жерге Арман Шораевты қолдап, 100-ге жуық адам келген. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісі сот басталмай жатып, шу шықты деп хабарлады.

Сот өкілдері белсендінің жақтастарына "сотты дәліздегі мониторы бар экраннан бақылайсыздар, сол жерде отырасыздар" деп еді, жиналғандар бұған келіспеді. Олар "сот процесіне қатысамыз, бізді залға кіргізіңдер" деп талап етті. Бірақ залға тек ақпарат құралдары кіргізілді. Жұрт сыртта "кіргіз!" деп айқайлады.

Шағымданушы Нұрия Балтабайқызы процеске онлайн қосылды.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстан халық партиясының мүшесі Нұрия Балтабайқызының сотқа шағымдануына Арман Шораевтың 2023 жылғы 20 ақпанда Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасы түрткі болған деп айтылады. Шағым беруші Балтабайқызы Арман Шораевты желіде "Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаевтың суретін жариялап" оны "сатқын" деп атағанын, осы жазба бұл партияның мүшесі ретінде "ар-намысына тигенін" айтқан.

Ал Арман Шораев Қазақстан халық партиясының мүшесі Ермұхамет Ертісбаев пен Ресей журналисі Владимир Соловьевтың видеосұхбатынан кейін "Бұл сатқындарға дауыс бермеңдер!" деген сөз жазғанын растайтынын және ол сөзінен таймайтынын айтқан.

10 наурыз күнгі сот отырысында Арман Шораев сотқа сөзіне "дәлел болатын видеоны" ұсынды. Ал Нұрия Балтабайқызы сотта "партия төрағасының ұстанымына қатысым жоқ, әркімнің өз пікірі бар" деді. Ол Шораевқа қарата "мен сатқын болсам, сотқа дәлел көрсетіңіз" деді.

Шораевтың адвокаты Балтабайқызының өзі әлеуметтік желіде "Шораев сатқын" деп комментарий жазғанын, сол комментарийінің скриншотын судьяға дәлел ретінде көрсетті. Мұны көрген Балтабайқызы "ол менің комментарийім емес" деді.

Арман Шораев (оң жақта) сотта отыр. Астана, 10 наурыз, 2023 жыл.

Осыдан кейін судья "ұсынылған дәлелдерді қарап көремін" деп, келесі сот отырысын 14 наурызға, сағат 11.00-ге белгіледі.

Жұма күні әкімшілік сот ғимараты маңын арнайы жасақ бақылап, автозактар тізіліп тұрды.

Бұған дейін Шораев сотты меңзеп, "билік осылайша мені сайлаудан шеттеткісі келеді" деп топшылаған. Ал билік өкілдері оның сөзіне реакция білдірмеді.

Арман Шораев биыл 19 наурызда өтетін сайлауға мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде өз-өзін ұсынған.

Биыл ақпан айында Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев "Украинадағы соғысты насихаттаушы" ретінде Батыс санкциясына ілінген Ресей журналисі Владимир Соловьевқа сұхбат берген. Бұл сұхбат қазақ қоғамында түрлі реакция туғызған.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көп жыл кеңесші болған, ақпарат министрі және Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметттерін атқарған Ермұхамет Ертісбаев 2022 жылы Қазақстан халық партиясына қосылып, төраға болған. Қазақстан халық партиясы – парламент сайлауына түсіп отырған жеті партияның бірі.

Источник: www.azattyq.org