ЖАҢАЛЫҚТАР Мәжіліс депутаты Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал жолдайтынын айтты
- Нұргүл ТАПАЕВА
Бөлісу
Мәжіліс депутаты Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал жолдайтынын айтты Бөлісіңіз
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қамаудағы Қайрат Сатыбалды "Үшқоңырдағы резиденциясын Назарбаевқа сыйлағаны жайлы" Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын айтты.
"Бұл қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын өрескел бұзу. Бір емес, бірнеше заңның бұзылуына куә болып отырмыз…БАҚ туралы заңға сәйкес, егер ол шындыққа сәйкес болмаса мемлекеттік органдар терістуі тиіс. Кеше көргенім, бас прокуратура атына да, құзырлы органдарға сауал жолданған. Оған тиісті жауап та берілмеген" деді депутат.
Бір күн бұрын Азаттық сайты Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқаны жөнінде зерттеу жариялаған.
Биыл сәуірдің ортасында бұрын Сатыбалдының атында тұрған жайлаудағы осы резиденция ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың иелігіндегі "Елбасы" қорының меншігіне өткен. Азаттық радиосына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының берген жауабына сәйкес, мүліктің меншік құқығы сыйға тарту шарты бойынша өзгерген. Бірақ оның қалай жүзеге асқаны жұмбақ.
Источник: www.azattyq.org