үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Маған бір, саған үш. Халыққа 4 пайызбен берілген жеңіл автонесиенің 3 пайызын...

Маған бір, саған үш. Халыққа 4 пайызбен берілген жеңіл автонесиенің 3 пайызын НЕГЕ банктер алды?

25
0


                Маған бір, саған үш. Халыққа 4 пайызбен берілген жеңіл автонесиенің 3 пайызын НЕГЕ банктер алды?

Фото: Nege.kz

Мемлекетке қарайтын «Өндірісті дамыту қоры» акционерлік қоғамы 2022 жылдың қортындысын шығарды. Сол жылы олар жеңіл автонесие бағдарламасын іске асыру үшін банктерге 100 миллиард теңге берген болатын.

Өндірісті дамыту қоры өзінің таза табысын үш есе көбейткен. 2021 жылы «Қазақстанның даму банкіне» бағынышты компания 8,2 миллиард таза кіріс алса, 2022 жылғы таза пайдасы 22,4 миллиард теңгеге жетті.

«Өндірісті дамыту қоры» АҚ 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есебі. Аудитор: KPMG

Бұл пайда негізінен проценттік кіріс есебінен жүрді. Яғни, лизинг және жеңілдетілген автонесие операцияларынан түсті. Одан бөлек, мемлекеттен келген соманың 442 миллиард теңгесі дисконтталып, субсидиялар қатарына жатқызылды.

  • Тақырыпқа орай: 83,3 млрд теңге. «Еуразиялық Банк» НЕГЕ 2022 жылдың таза кірісін МАШКЕВИЧТЕРГЕ бермеді?

Өндірісті дамыту қоры «Жасыл Даму» акционерлік қоғамынан келген 100 миллиард теңгені (утильсбор ақшасы) жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысатын банктерге 1% ставкамен 30 жылға берген. Банктер ол қаржыны жеңілдетілген автонесиеге бағыттағандықтан, олар осы бағдарламаға қатысқан адамдардың кредиттік төлемдерінен 3 пайызды өздеріне алмақ. Ал 1 пайыз мен негізгі қарызды Өндірісті дамыту қорына 30 жыл көлемінде қайтарып отырады.

Фото: kolesa.kz

Қор «Жасыл Даму» компаниясынан одан бөлек жылдық 0,35%-бен 30 миллиард теңге алған. Оны компания лизингтік операцияларға бағыттады. Мемлекеттен қаржыландыру да молынан жүрді. «Бәйтерек» холдингі жылдық 0,15% ставкамен 361,6 миллиард теңге, Қазақстанның даму банкі 0,10% жылдық ставкамен 5,3 миллиард теңге ұсынған. Бір қызығы, Өндірісті дамыту қоры осы мемлекеттік тегін ақшаның 30 миллиард теңгесін қайтадан Қазақстанның даму банкіне 10% мөлшерлемемен депозит ретінде салып қойды.

Енді жеңілдетілген автокредит берілмейді. Утильсбор ақшасы автобустар сатып алуға жұмсалмақ. Бірақ Өндірісті дамыту қоры банктерге 30 жылға несие бергендіктен, сол несиені жинап бітпегенге дейін жұмысын жалғастыра береді.

Қор 2022 жылы мемлекеттік бюджетке 2,7 миллиард теңге салық төледі. Онда жұмыс істейтін адам саны аз болғандықтан, әкімшілік шығындары да көп болмады.

#ФРП #БРК #Бәйтерек

Источник: nege.kz