үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №1 энергоблок тағы да істен шықты

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №1 энергоблок тағы да істен шықты

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №1 энергоблок тағы да істен шықты


Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №1 энергоблок тағы да істен шықты

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты Бөлісу

  Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында №1 энергоблок тағы да істен шықты Бөлісіңіз

Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) 6 шілде кешкісін №1 электрблокқа электр энергиясы өшіп, жұмыс тағы да тоқтап қалған. Бұл туралы комбинаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Жөндеу жұмыстары 8 шілдеде басталады деп жоспарланған. МАЭК «жөндеу жұмыстарын бастау үшін энергоблоктағы ошақтарды суыту қажет, оған 24 сағаттан аса уақыт кетеді» деп мәлімдеді.

Комбинат бұл жолғы жағдай Маңғыстау облысындағы жарық пен ауызсуға әсер етпейді деп отыр.

Маңғыстау облысын ғана емес БҚО, Атырау облысының бір бөлігін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған МАЭК-те 3 шілде 17:30-да қазандыққа келіп тұратын тоқтың күрт өсуіне байланысты №1 энергия блогы істен шыққан еді.

Апаттан соң Атырау облысындағы бірнеше аудан мен ауыл, Атырау қаласындағы көптеген шағын аудан мен ауылында жарық өшіп, ауыз су тоқтады. Көшелердегі бағдаршамдар істен шығып, көлік кептелісі болды. Комбинаттағы апаттан "Атырау мұнай өңдеу зауытында" (АМӨЗ) электр қуаты өшіп, соның салдарынан бір мұнарада өрт болған.

Источник: www.azattyq.org