үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Макрон мен Сунак Украина «соғыста жеңуі үшін» Киевті қолдайды

Макрон мен Сунак Украина «соғыста жеңуі үшін» Киевті қолдайды

22
0


Макрон мен Сунак Украина "соғыста жеңуі үшін" Киевті қолдайды

ЖАҢАЛЫҚТАР Макрон мен Сунак Украина "соғыста жеңуі үшін" Киевті қолдайды Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак және Франция басшысы Эмманюэль Макрон. Париж 10 наурыз 2023 жыл. Бөлісу

  Макрон мен Сунак Украина "соғыста жеңуі үшін" Киевті қолдайды Бөлісіңіз

Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Парижде келіссөз жүргізді. Кездесу нәтижесінде екі жақ заңсыз көші-қонды тежеу мақсатында әріптестік орнату туралы жаңа келісімге қол қойды. Лондон осы мақсатқа үш жыл ішінде 220 млрд еуро қаражат бөледі. Ал француз жағы Ла-Манш жағалауында күзетті күшейтпек.

Париждегі саммит бірнеше күн бұрын Ұлыбритания мен Еуроодақ арасында Солтүстік Ирландия бойынша хаттамаға қол қойғаннан кейін өтіп отыр. Осыған орай Макрон Ұлыбритания ЕО-мен әріптестікті нығайту ниетін қолдап, әрі қарай да Украинаны қолдауға дайын екенін жеткізді.

"Ресей соғыста жеңбеуге тиіс. Біз бұл позицияны қолдаймыз" деді Макрон Сунакқа қарата.

"Еуропа құрлығына қауіп төнген шақта біз әрдайым қорғаныстың алдыңғы шебінде жүреміз. Біз украин теңіз жаяу әскерін үйретуге келістік. Украина соғыста жеңуі үшін оған ұрыс алаңында басым түсуге көмектесеміз" деді Сунак.

Алдыңғы француз-британ саммиті 2018 жылы өткен. Сол себепті қазіргі кездесуді Еуропа ақпарат құралдары "француз-британ қатынасының жаңа кезеңі" деп атай бастаған. Сунак француздың Le Figaro газетіне берген сұхбатында Макронды "үлкен досым" деп атаған. "Оған дейін британ үкіметін басқарған Лиз Трасс былтыр жазда Макронды "дос" немесе "қас" деп атаудан тартынған" деп жазды Euronews.

Источник: www.azattyq.org