үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Минск соты NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичті 8 жылға түрмеге қамады

Минск соты NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичті 8 жылға түрмеге қамады

26
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Минск соты NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичті 8 жылға түрмеге қамады


Минск соты NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичті 8 жылға түрмеге қамады

Оппозициялық NEXTA телеграм-арнасын құрушы Роман Протасевич. Бөлісу

  Минск соты NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичті 8 жылға түрмеге қамады Бөлісіңіз

Минск соты оппозициялық NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичке сегіз жыл жаза кесіп, түрмеге қамаған. Бұл ақпаратты Азаттықтың Беларус қызметі жариялады.

Протасевичті сот "Беларусь билігін басып алуға бағытталған қастандыққа қатысты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыптаған. Прокуратура Протасевичке 10 жыл жаза сұраған.

NEXTA ісі бойынша айыпталған тағы екі адамға сот сырттай үкім шығарған. Степан Путило 20 жылға, Ян Рудик 19 жылға сырттай сотталған.

Протасевич, Путило және Рудикқа тағылған айыптар ішінде "әлеуметтік араздық тудыру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, мемлекет билігін басып алуға жұртты шақыру, террор жасау, экстремистік ұйым құрып, оған басшылық ету, президенттің ар-ожданына тию" бар.

Бұған дейін сотта Протасевич "кінәсін толық мойындағаны" және бұрынғы әріптестерімен бұдан былай еш байланысы болмайтыны жөнінде айтқаны хабарланған.

NEXTA арнасы 2020 жылы Беларусте болған ірі қарсылық акциясын таратқан ақпарат құралы ретінде танылған. Оны құрушылар Степан Путило пен Роман Протасевич полиция қызметкерлері мен президент Лукашенконы қатаң сынаған.

Протасевич пен оның сүйген қызы, Ресей азаматы Софья Сапега 2021 жылы Ryanair ұшағы Минскіге төтенше жағдайда қондырылған кезде тұтқындалған. Көп ұзамай Протасевич Беларусьтің мемлекеттік телеарналары арқылы сөйлеп, бұрынғы серіктерін "айыптай" бастаған.

Беларусь Жоғарғы соты NEXTA, NEXTA Live және Luxta телеграм-арналарын "террор ұйым" санатына қосып, Беларусь жерінде ақпарат таратуына тыйым салған.

Источник: www.azattyq.org