үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Мирзияев үлкен қызын өзіне көмекші етіп тағайындады

Мирзияев үлкен қызын өзіне көмекші етіп тағайындады

18
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Мирзияев үлкен қызын өзіне көмекші етіп тағайындады


Мирзияев үлкен қызын өзіне көмекші етіп тағайындады

Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияева. Бөлісу

  Мирзияев үлкен қызын өзіне көмекші етіп тағайындады Бөлісіңіз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің үлкен қызы Саида Мирзияева президенттің көмекшісі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Мирзияевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов хабарлады.

Бұған дейін Азаттықтың Өзбек қызметі биліктегі дереккөздерге сүйене отырып, Мирзияеваның осы қызметке тағайындалатынын хабарлаған еді. Дереккөздердің айтуынша, бұл жаңарған президент әкімшілігіндегі ең жоғары қызмет болмақ.

38 жастағы Саида Мирзияева — президенттің отбасы мүшелерінің ішінде ең лауазымды қызметте отырғандардың бірі. Ал оның күйеуі Ойбек Тұрсынов — Өзбекстандағы ең ықпалды кәсіпкерлердің бірі.

Саида Мирзияева 2019 жылдан 2022 жылға дейін президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және коммуникация агенттігі директорының орынбасары қызметін атқарған. 2022 жылдан бастап ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мен қолдау қорының қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары болған. Былтыр қарашада Шавкат Мирзияев қызы Саиданы президент әкімшілігі атқарушы аппаратының коммуникация және ақпарат саясаты секторының меңгерушісі қызметіне тағайындаған еді.

Азаттықтың Өзбек қызметінің зерттеуінше, Мирзияев билікке келгеннен кейін 20-дан астам туысы үкіметтегі жоғарғы қызметтерге тағайындалған.

Источник: www.azattyq.org