үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Назарбаевтан «Жаңа Қазақстанға». Ғалымжан ЕСЕНОВТІҢ рөлі соңғы кездері НЕГЕ күрт артты?

Назарбаевтан «Жаңа Қазақстанға». Ғалымжан ЕСЕНОВТІҢ рөлі соңғы кездері НЕГЕ күрт артты?

15
0


                Назарбаевтан «Жаңа Қазақстанға». Ғалымжан ЕСЕНОВТІҢ рөлі соңғы кездері НЕГЕ күрт артты?

Фото: Nege.kz

KNG Finance басшысы әрі Ахметжан Смағұловтың экс-күйеу баласы Ғалымжан Есенов Назарбаевтың банктік активтерін мемлекетке қайтару операциясында шешулі рөл ойнай бастады.

Қазір ол Jusan тобын басқаратын «First Heartland Securities» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін басқаруды өз қолына алды. Онымен бірге, Назарбаев кланының Люксембургтегі компаниясы «Pioneer Technologies S.A.R.L.» қолында болған Kcell ұялы байланыс операторының 14.87% акцияларын өзіне қайтарды.

Енді Kcell үлесінің 51%-ы «Қазақтелеком» арқылы мемлекетке, 14,87%-ы Ғалымжан Есеновке, 9,08%-ы Jusan bank-ке, 7,06%-ы Зейнетақы қорына, ал қалған 18 пайыз акциялары миноритарлық акционерлерге тиесілі. Ғалымжан Есенов Jusan банкін қолда ұстап отыр деп есептесек, онда оған Kcell-дің шамамен 24 пайызы тиесілі деп айта беруге болады.

  • Тақырыпқа орай: «Jusan» сериалы күзге дейін аяқталады. НЕГЕ бізді «біртүрлі» хэппи енд күтіп тұр?

«Есенов «Жаңа Қазақстан» ұсынысын қабыл алды және қазіргі жұмыстардың барлығы арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр», – дейді, NEGE дереккөзі.

«Банкті мемлекет өз қолына алады. Ал Кселл-дің мемлекеттік үлесі түбі Ғалымжан Есеновтің қолына өтуі тиіс. Бұл телеком нарығын демонополизациялау туралы бастама аясында іске асады. Мемлекет те ұтады, Есенов те ұтады. Келісімнің негізгі идеясы осы»

Есенов Jusan шырғалаңына «АТФ Банк» арқылы келді. Ол кезінде өзіне тиесілі АТФ Банкті «Назарбаев қоры» басқаратын «First Heartland» банкіне қосып, содан біріккен банктің 20 пайыз үлесін алуы тиіс еді. Қағаз жүзінде оған 20% акция тиесілі болса да, іс жүзінде оны Мәсімовтің командасы Jusan банктен шеттетіп тастаған болатын. Дивидендтен де қағылып отырды.

Есенов басты соққысын келесі аптада жасамақ. Jusan bank акционерлерінің кезекті тыс жиналысы 10 тамызға белгіленген. Сол күні біраз жаңалық еститін боламыз.

#Есенов #jusan #kcell

Источник: nege.kz