үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Оппозициядағы саясаткер Жанболат Мамайға 6 жыл шартты жаза кесілді

Оппозициядағы саясаткер Жанболат Мамайға 6 жыл шартты жаза кесілді

12
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Оппозициядағы саясаткер Жанболат Мамайға 6 жыл шартты жаза кесілді


Оппозициядағы саясаткер Жанболат Мамайға 6 жыл шартты жаза кесілді

Бөлісу

  Оппозициядағы саясаткер Жанболат Мамайға 6 жыл шартты жаза кесілді Бөлісіңіз

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталған оппзициядағы саясаткер Жанболат Мамайға сот алты жыл шартты жазаға кесті. Сот үкімі бүгін, 10 сәуірде шықты.

Шартты жазадан бөлек, сот Жанболат Мамайдың қоғамдық-саяси іспен, журналистикамен айналысуына, әлеуметтік желі арқылы хабар таратуына, партия, қоғамдық ұйым құруына да алты жылға тыйым салды. Сонымен қатар ол жәбірленуші тарап – Алматы қаласы әкімдігіне 600 мың теңге көлемінде метериалдық шығын өтеуге міндетті.

Жанболат Мамайға "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды", "билік өкілін қорлады", "жалған ақпарат таратты" деген айыптар тағылған.

Жанболат Мамай үкімге келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

– Кінәсіздігіме бұлтартпас айғақтармен дәлел келтірдік. Сотта ондаған куәгер менің тәртіпсіздікке шақырмағанымды толық растады. Сіз бұған қарамастан, осындай үкім шығарып отырсыз. Бұл үкімнің саяси астары бар. Мұндай үкімге келіспеймін, – деді Мамай судьяға қарата.

Источник: www.azattyq.org