үй Қазақстан жаңалықтары Экономика ОСК мәжіліске Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімін тіркеді

ОСК мәжіліске Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімін тіркеді

10
0


ОСК мәжіліске Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімін тіркеді

ЖАҢАЛЫҚТАР ОСК мәжіліске Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімін тіркеді Орталық сайлау комиссиясының ғимараты. Бөлісу

  ОСК мәжіліске Қазақстан халық партиясы ұсынған кандидаттар тізімін тіркеді Бөлісіңіз

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қазақстан халық партиясының партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына түсетін кандидаттарының тізімін тіркеді. Бұл жөнінде ОСК өкілдері сенбі күнгі отырыс кезінде хабарлады.

ОСК өкілі Шавкат Өтемісов партия тізіміне енген барлық тұлға Конституция мен "Сайлау туралы заңға" сәйкес келетінін атап өтті.

Партиялар арасында бірінші болып съезд өткізген Қазақстан халық партиясының тізімінде 52 адам бар. Арасында партия жетекшісі Ермұхамед Ертісбаев, бұрын партия атынан мәжілісте депутат болған Ирина Смирнова, Айқын Қоңыров, Жоғарғы соттың бұрынғы жетекшісі Мұсабек Әлімбеков және өзгелер бар. Партия бірмандатты округ бойынша бірнеше кандидат ұсынған.

2021 жылғы парламент сайлауында Қазақстан халық партиясы, ресми мәлімет бойынша, сайлаушылардың 9,1 пайыз дауысын жинаған. Мәжілістің кейінгі шақырылымында партияның 10 депутаты болды. Оның алдындағы екі шақырылымда әрқайсысында жеті өкілден болған.

Бұрынғы "коммунистер" партиясы 2020 жылы партия атауынан "коммунистік" сөзін алып тастап, Қазақстан халық партиясы ретінде қайта тіркелген еді. Саяси ұйым 2004 жылы ресми түрде тіркелген.

Сарапшылар "Ақ жол" сияқты Қазақстан халық партиясы да парламентте "жалған оппозиция рөлінде ойнап, билікке балама пікір айтатындай кейіп танытады" дейді. Партияның өзі бұл сөзге келіспейді.

Қазақстан мен шетелдің құқық қорғаушылары елде азаматтардың саяси құқықтары көп шектелетінін, партиялық жүйе демократия ережелеріне сай емесін айтып, жиі сынайды. Саяси оппозиция өкілдері парламентте бірде-бір шынайы оппозициялық күш жоқ деп біледі және шынайы оппозициялық партиялардың ресми тіркеуден өте алмай отырғанын айтады.

Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) пен мәслихатты сайлау 19 наурызда өтеді.

Елде кандидаттарды ұсыну кезеңі 8 ақпанда аяқталған. Кандидаттарды тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады.

ОСК мәліметінше, елде тіркелген жеті саяси партия партиялық тізіммен 283 кандидат ұсынған.

Источник: www.azattyq.org