үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Песков «Пригожин ұшағының апатына Ресей билігінің қатысы жоқ» дейді

Песков «Пригожин ұшағының апатына Ресей билігінің қатысы жоқ» дейді

6
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Песков "Пригожин ұшағының апатына Ресей билігінің қатысы жоқ" дейді


Песков "Пригожин ұшағының апатына Ресей билігінің қатысы жоқ" дейді

Мәскеуде жұрт Пригожиннің суретінің маңына гүл қойып жатыр. 25 тамыз 2023 жыл. Бөлісу

  Песков "Пригожин ұшағының апатына Ресей билігінің қатысы жоқ" дейді Бөлісіңіз

25 тамызда журналистер сұрағына жауап берген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Вагнер" басшысы Евгений Пригожиннің ұшағының құлауына "Ресей билігінің қатысы жоқ" деп мәлімдеді

"Апат айналасында, ұшақ жолаушылары, соның ішінде Евгений Пригожиннің қайғылы қазасына байланысты қазір түрлі спекуляция көп. Әрине, Батыста бұл спекулация біржақты беріліп жатыр. Мұның бәрі жалған" деді Песков 25 тамызда журналистерге таратқан аудиожазбасында.

Оның жауабын ресейлік "Маяк" радиосы жариялады.

Ресей билігі әзірге "Пригожин әуе апатынан қаза тапты" деген ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. Песков ұшақ жанынан табылған мәйіттерге генетикалық сараптама жүргізіліп жатқанын айтып, "ресми қорытынды дайын болғанда жарияланады" деді.

Кеше, 24 тамызда, Ресей президенті Владимир Путин Пригожиннің қаза тапқанын жанама түрде растап, оны "тағдыры күрделі талантты адам" деп атаған.

Источник: www.azattyq.org