үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Петропавлда «тәуелсіздігін» жариялаған «халық кеңесінің» үш мүшесі екі айға қамалған

Петропавлда «тәуелсіздігін» жариялаған «халық кеңесінің» үш мүшесі екі айға қамалған

24
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Петропавлда "тәуелсіздігін" жариялаған "халық кеңесінің" үш мүшесі екі айға қамалған


Петропавлда "тәуелсіздігін" жариялаған "халық кеңесінің" үш мүшесі екі айға қамалған

Солүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Петропавл қаласындағы көшелердің бірі. Бөлісу

  Петропавлда "тәуелсіздігін" жариялаған "халық кеңесінің" үш мүшесі екі айға қамалған Бөлісіңіз

Жұма күні Солүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы "Петропавл халық кеңесі" деп аталған топтың үш мүшесі уақытша қамалғанын хабарлады.

"20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты үшеуін де екі ай қамауда ұстау туралы шешім қабылдады" деп жазылған облыстық прокуратура сайтында жарияланған ақпаратта.

Прокуратураның дерегі бойынша, бұл үш адам Қылмыстық кодекстің 179-бабының 2-бөлігінде және 180-баптың 2-бөлігінде көрсетілген заңға қарсы әрекеттерге барған деген күдікпен ұсталған.

Тергеудің мәліметінше, 19 наурызда Петропавлдағы Солтүстік Қазақстан университеті колледжінде өткен жиынға 20 адам қатысқан. Олар өздерін "СССР-дың ізбасары" деп есептейтінін мәлімдеген. Топ өздерін "еркін халық", ал Қазақстанды "корпорация" деп атаған. Олар "басқару жүйесіне" сенімсіздік білдіретінін және "тәуелсіздігін" жариялайтынын да мәлімдеген.

Өткен аптада "халық кеңесі" Қазақстанның тұтастығына қол сұғу пиғылы болмағанын, ал жергілікті пабликтердегі ақпарат "контекстен жұлынып", бұрмаланғанын айтқан.

Петропавлдағы "халық кеңесінің" жиынынан түсірілген видео наурыздың аяғында интернетте жарияланғаннан кейін Қазақстандағы қолданушылар әлеуметтік желілерде оны қызу талқылай бастаған. Кейбір қолданушы топтың әрекетін "сепаратизмге шақыру" деп бағалады, енді біреулері топқа жала жабылды деп есептейді.

31 наурызда парламент мәжілісінің бір топ депутаты Бас прокуратураға үндеу жасап, желіде тараған "халық кеңесінің" видеоларында "Қазақстан Конституциясына қайшы келетін" және "сепаратизмге шақыратын" белгілер бар-жоғын анықтауды сұраған. Депутаттар "халық кеңесінің" іс-әрекетін тексеруге үндеген.

Наурыздың аяғында ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті сепаратизм фактісіне қатысты тергеу бастағанын, ал прокуратура ведомствоаралық тергеу тобы құрылғанын мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org