үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Польшада «Леопард» танкісін жөндейтін зауыт жұмыс істей бастады

Польшада «Леопард» танкісін жөндейтін зауыт жұмыс істей бастады

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Польшада "Леопард" танкісін жөндейтін зауыт жұмыс істей бастады


Польшада "Леопард" танкісін жөндейтін зауыт жұмыс істей бастады

Бөлісу

  Польшада "Леопард" танкісін жөндейтін зауыт жұмыс істей бастады Бөлісіңіз

Ресеймен соғыста зақымданған Украина әскерінің "Леопард" танкісін жөндейтін зауыт Польшада жұмыс істей бастаған.

Мұны Польшаның қорғаныс министрі Мариуш Блащак Twitter парақшасына жазды. Оның сөзінше, қазірдің өзінде Украинадан екі "Леопард" келген.

Бұрын неміс БАҚ-тары Германия мен Польша компаниялары екі айдан бері талқылап, келісе алмай жатқанын хабарлаған. Жөндеу хабын мамырда ашпақ болған. Германия өндірісінен шыққан "Леопард"танкісін Польшада немістің Rheinmetall және Krauss-Maffei Wegmann (KMW) танк жасаушысы мен Польшаның мемлекеттік PGZ беренді танк компаниялары біріккен кәсіпорынын құра отырып, Украинада істен шыққан "Леопардтарды" жөндеу мәселесін көздеген.

"Леопард" танкісін Украина маусым айынан бері пайдаланып отыр. Әлеуметтік желіге қираған танкілердің суреті мен видеосы шыққан. Ресей президенті Владимир Путин Украинада Ресей әскері шетелдің соғыс техникасын көптеп жойып жатқанын бірнеше рет айтқан. Украина әскері кейбір "Леопардтар" зақымданғанын растайды, кейбірі жөндеуге жарайды деп санайды.

Биыл 23 шілдеде Александр Лукашенкомен сөйлескен Путин бір ұрыстың кезінде 15-тен аса "Леопард" жойылғанын мәлімдеген. Бірақ ондай ұрыс қашан болғанын Ресей де, Украина да айтқан емес.

Кейінгі кездері Ресей билігінің өкілдері Украинаны қолдағаны үшін Польшаға жиі қоқан-лоқы жасайтын болған. Путин таяудағы сөздерінің бірінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Польша құрамына қосылған Польшаның батыс аймағын "Сталиннің сыйлығы" деп атаған. Ресей жетекшілері "Украинаның батысын аннексиялап, Беларусь республикасына шабуыл жасағаысы келеді" деп Польшаны әлденеше рет айыптаған. Польша онда жоспары жоқ екенін мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org