ЖАҢАЛЫҚТАР "Президент беделіне дақ түсірмес үшін" Түрікменстан шенеуніктері қайыршыларды тасаға тығып жатыр
Бөлісу
"Президент беделіне дақ түсірмес үшін" Түрікменстан шенеуніктері қайыршыларды тасаға тығып жатыр Бөлісіңіз
Түрікменстанның Балқан уәлаятының билігі "президент беделіне дақ түсірмесін" деп көшедегі қаңғыбастар мен қоқыс жәшігін ақтарып жүрген қайыршыларды қамауға кіріскен.
Арнаулы топтар негізінен ірі сауда орталықтарының, "Түрікменбашы" және "Чарлак" қонақүйлерінің және "Кенар" базары маңын сүзіп шыққан. Құрамына төрт полицей және ұлттық қауіпсіздік министрлігінің қызметкері кіретін топтар қала ішін микроавтобустармен аралаған.
"Олар жас па, кәрі ме, бала ма, мүгедек пе қарамайды, автобусқа сүйреп сала береді",- дейді жергілікті тұрғын Азатықтың Түрікмен реадкциясына.
Билік бұл әрекетін ресми түсіндірмеген, бірақ жергілікті билік өкілдерінің бірі "қайыршылар президент беделіне кір кілтіреді" деген.
Источник: www.azattyq.org