ЖАҢАЛЫҚТАР Пригожин бүлігінің беті қайтқан соң Путиннің екі ұшағы Мәскеуге оралған
Ресей президентінің Ил-96 ұшағы (архив фотосы). Бөлісу
Пригожин бүлігінің беті қайтқан соң Путиннің екі ұшағы Мәскеуге оралған Бөлісіңіз
Flightraday24 сервисінің мәліметтеріне қарағанда, Ресей президенті Путиннің екі ұшағы маусымның 25-іне қараған түні Мәскеуге қайта оралған. Бұл жөнінде SOVA "Медузаға" сілтеп хабарлаған.
"Важные истории" Владимир Путиннің әскер басқаруға жабдықталған Ил-96-300 ПУ ұшағы 24 маусымда Мәскеу уақытымен 14:16-да Внуково әуежайынан ұшып кеткенін хабарлаған. Путин резиденцияларының бірі орналасқан Тверь облысында ұшақ радардан жоғалған.
Әңгіме RA-96021 және RA-96022 борт нөмірлі Ил-96-300ПУ екі ұшағы туралы болып отыр.
Flightradar24 сервисінің мәліметіне қарағанда, бірінші ұшақ 25 маусымда түнде 02:00 шамасында Тверь облысы маңынан радарға қосылып, 03:43 кезінде Мәскеуге қонған. Бұл ұшақ сенбі күні 18:43-те Мәскеуден ұшып кеткен.
Екінші ұшақ та Тверь облысы маңынан радарға қосылып, Мәскеуге 01:50-де қонған. Олардың қайдан ұшып келгені белгісіз.
24 маусымда Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Путин күні бойы Кремльде жұмыс істеді" деген.
Источник: www.azattyq.org